Өнер • 19 Қаңтар, 2022
Әй, әпенді Жан Пол Готье! Ол кинематография мен поп-музыка сәнгердің көңілін елітіп, қиялына қанат бітіретінін әу бастан-ақ түйсінді. Оның өзгеше ойлау өрісі, қалыпқа сыймайтын қағидасы бөлек бағыт түзді. Атақты Мадоннаның сахналық қойылымдарына конустық киімдер ойлап тауып, Альмодовар мен Гинвей фильмдеріне ерекше костюм тіккен осы еді. Оның жаңашылдығы кинематографиялық фантазияны айналып өтпеді.
Спорт • 19 Қаңтар, 2022
Арқадағы алтын бекет Ақадырдың көшесінде асық ойнап жүрген бала еді. Иә, сол кезде ол он жастағы ойын баласы-тұғын... Бір күні әуес көріп, Әлібек деген досына еріп, кенттегі балалар мен жасөспірімдер спорт сарайына барған. Қазір ойлап отырса, дәл сол күн өзінің тағдырына тікелей әсер еткен құтты-қайырлы күн болған екен-ау.
Әлем • 19 Қаңтар, 2022
ЭДИНБУРГ/ЖЕНЕВА. АҚШ пен Батыс елдерінің сарбаздары Ауғанстаннан шығарылғанына да төрт айдан асты. «Талибан» елді бақылауға алған кезде Батыстағы мемлекеттер арнайы рейстер жалдап, босқындарды қабылдау ережелерін жеңілдетіп, қаражат бөлу арқылы бірнеше мың ауғанды қауіпсіз жерге жеткізді. Әйтсе де елде қалғандар – «Талибанды» жақтайтыны бар, жақтамайтыны бар, әлемнің қалған бөлігінен ажырады.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2022
Кенжеболат Жолдыбай: Әркімнің жолы – әртүрлі сапар
Саясаттанушы, публицист, «Құрмет» орденінің иегері Кенжеболат ЖОЛДЫБАЙ – өзі өмірге келген Жезқазған өңірінде ғана емес, республикалық деңгейде қоғамдық және мемлекеттік қызметтерде айшықты қолтаңбасын қалдырған, тәуелсіздіктің тұғырын нығайтуға үлесін қосқан азамат.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2022
Мүмкіндігі мол тау-кен саласы неліктен ел экономикасына елеулі үлес қоса алмай отыр?
Қазіргі уақытта Қазақстанның тау-кен саласындағы өзекті мәселелер жылдан-жылға қордаланып, еркін инерциямен құлдырау кезеңіне жақындап қалды. Қоғамда мамандар тарапынан айтылып жатқан ұсыныстарды тиісті шешім қабылдаушы мемлекеттік органдар естімей отыр. Естісе де, мән бермей келеді. Тәуелсіздікке қол жеткен отыз жыл ішінде жаңадан бірде-бір ірі кен орыны ашылмағаны, әлі күнге Кеңес заманында табылып, зерттелген және бүгінде таусылуға жақын қалған кен орындарын игеріп отырғанымыз ешкімді алаңдатар емес.