Оқушылардың қауіпсіздігі маңызды
Облыс орталығында тұратын көптеген оқушы көшеаралық автобустармен №19, №22, №25, №22, №7 мектептерге барады. Солтүстіктің ызғарлы суығында қоғамдық көлікпен қатынайтын оқушыларға қалалық әкімдік, қалалық мәслихат депутаттары қашан назар аударады?
Búrkemelengen aqıqat nemese shıfrlar, kiltsózder, kodtar álemi
Shıfrlar, kiltsózder, kodtar kóbinese detektıv, tyńshylar týraly shyǵarmalarda jáne shym-shytyryq oqıǵalardy sıpattaý barysynda kóp kezdesedi. Biraq avtorlar kóbine usaq-túıekke mán bermeı, mańyzdy aqparat nemese keıipkerdiń aıaq astynan qyraǵylyq tanytýy, boljam jasaýy arqyly máselelerdi sheshýin kórsetedi.
Әдебиет академиясы қандай мәселені шешеді?
Қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өткен Жастар жылының ресми ашылу салтанаты өнер мен ғылымның әр саласында жүрген белсенді жастардың басын қосты. Ел қуатын еселеу жолында жарқын жобаларды қолға алып, мемлекет мақтанышына айналып үлгерген азаматтардың бірқатары Президентке өз кәсібі туралы әңгімелеп, тың ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды. Елбасы мен жастар кездесуінде айтылған идеялардан ерекше есте қалғаны – Расул Абдуллаевтың әлемдік деңгейде Қазақстан ребрендингімен айналысатын «Маркетинг министрлігі» жобасы мен Тамила Розметованың Астанада алма бағын өсіру туралы бастамасы. Осы жиыннан кейін қоғамдық талқы тудырған тақырыптардың қатарында «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Мерей Қарттың Қазақстанда Әдебиет академиясын құру жөніндегі ұсынысы да бар. Бүгінгі мақаламызда «жас ақын-жазушылардың білімін шыңдап, әдебиеттің әлеуетін арттырады» деп таныстырылған академияға тағы қандай қызмет жүктелетінін, жобаның жастар шығармашылығын дамытуға нендей жаңалық қосатынын анықтау үшін қаламгерлер мен әдебиеттанушыларды әңгімеге тарттық.
Жергілікті өзін өзі басқаруға ауыл жастары дайын ба?
Бүгінде «Жастарды өзін өзі басқаруға тарту жобасы» – мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудағы негізгі қадамдардың бірі болып отыр. Елімізде қабылданған «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңда жастардың өзін өзі қалай басқаруы керек екені нақтыланған-ды. Яғни, жастардың өзін өзі басқаруы мемлекетпен өзара қарым-қатынас құралы ретінде оларға жауапкершілік пен әлеуметтік белсенділік жүктейді.
Қазақстан • 30 Қаңтар, 2019
Ұлы Жібек жолы және қазақ руханияты
Терең тамырлы, сан сипатты өркениетіміздің мемлекет тарихындағы тамаша көріністерінің таңғажайып бір қыры – Ұлы Жібек жолы дер едік. Әлем өркениетінің алтын бесігі – Шығыс, нақтылы айтқанда, Жерорта теңізі мен Гималай тауының аралығы. Нағыз ғажайыпстан.