Өнер • 17 Қаңтар, 2019
«Музыкант» «Композиторға» ұласады
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде Қытай Халық Республикасы елшілігінің Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлескен қытайдың танымал халық композиторы Сянь Синхайды еске алуға арналған мемориалдық фотокөрме ашылды. Салтанатты шарада Мемлекеттік орталық музей директорының ғылыми жөніндегі орынбасары Ғалия Теміртонқызы қытай композиторының өмір жолы мен шығармашылық еңбегі туралы сөз сөйледі. Өз кезегінде Қытай Халық Республикасы елшілігінің Алматы қаласындағы білім және ғылым жөніндегі консулы Ми Гуйсюн музей ұжымына ыстық ықыласын, ризашылық сезімін білдірді.
Руханият • 17 Қаңтар, 2019
Балдырғандарды Маша мен Нюша тәрбиелей ме?
Тәрбие басы – талбесік дейді қазақ. Талбесікке тербеліп, әженің әлдиін, аңыз-ертектерін естіп өскен, ұрпағына ұлтының үлкен үмітін арқалатқан аға буынды бүгінде қолдарындағы гаджеттен көз айыра алмай, бөбегінің қолына да планшет ұстатып жұбататын жаңа заманғы жастар алмастыруда.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019
Оралда апатты жағдайдағы үйлер азайып келеді
Орал қаласында 126 пәтерлік 9 қабатты жаңа үй пайдалануға берілді. Бұрынғы апатты үйдің орнына көтерілген, мемлекет- жекешелік әріптестігі негізінде салынған бұл үйдің 12 пәтеріне осы жердегі көне үйдің тұрғындары кірді.
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2019
Қандастарымыздың «сүйінші!» дейтін күні алыс емес
Жақында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жарияланды. Бұл заң шетелден атажұртына көшіп келген қандастарымыз үшін де сүйінші жаңалық болды.
Өнер • 17 Қаңтар, 2019
«Құстар әні» «Тотының қоштасуынан» басталған
Бұл оқиға 1960-шы жылдардың ортасында болған еді. Жамбыл қаласының (ол кезде қаламыз Жамбыл атында болатын) орталық алаңында сол кездің өлшемімен алғанда өте үлкен зор ғимарат салынып, бітуге таяу болатын.