Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019

Оралда апатты жағдайдағы үйлер азайып келеді

302 реткөрсетілді

Орал қаласында 126 пәтерлік 9 қабатты жаңа үй пайдалануға берілді. Бұрынғы апатты үйдің орнына көтерілген, мемлекет-  жекешелік әріптестігі негізінде салынған бұл үйдің 12 пәтеріне осы жердегі көне үйдің тұрғындары кірді.

Тозығы жеткен, апатты үйлер – кез келген қаланың бас ауру­ы. Өйткені ондай ғимараттар шаһар сәнін бұзғанынан бөлек, ескі үй тұрғын­дарын баспанамен де қамтамасыз ету керек. Үйрен­шікті үй, бауыр басқан ауданынан кеткісі келмейтін адам көңілі тағы бар. Осының бәрі Орал қаласында орайымен шешіліп жатыр. Апатты үйлерді ауыстырудың оралдық тәжірибесі бүгінде еліміздің барлық өңіріне ұсынылуда.

2016 жылы Орал қаласында тозығы жеткен, құлағалы тұрған 52 үй болатын, онда 1448 отбасы алаң көңіл болып тұрып жатты.

Елімізде мемлекет-жеке­ше­лік әріптестігі бағ­дар­ла­масы қолға алынған тұста тың идея туды: Қаланың қақ ортасында, коммуникация желілерін тартуға шығын кетпейтін ың­ғай­лы жерде тұрған апатты үйді қиратып, орнына жаңа ғимарат тұрғызуды құрылыс компаниялары да қызу қолдады. Үй тұр­ғын­дары уақытша, құрылыс аяқ­талғанша басқа жерде тұра тұр­ады, олардың баспана жалдау шығынын жергілікті атқарушы органдар немесе құрылыс ком­пания­сының өзі көтереді. Жаңа үй салынып біткен соң тұрғындар бұрынғы пәтер көлеміне сай бас­па­наға тегін ие болады. Қалған пәтерлерді компания өзі сатады. Екі жаққа да тиімді деген осы емес пе?!

Міне, соңғы төрт жыл ішін­де Оралда осындай 11 апат­ты үй сүрілген екен. 113 пә­тер­­­дің тұрғындары басқа жерге көшіріліп, көне үй орындарында құрылыс қайнап жатыр. Екі үй құрылысы аяқталып, жаңа тұрғындары орналасып та үлгерді: 2017 жылы Депо көшесіндегі №18 үйдің құры­лы­сы бітіп, 16 отбасы жаңа пәтер кілтін алса, өткен жылы 2-шақырым көшесінде де көне үйдің орнына жаңа ғимарат бой көтеріп, апатты үйдегі 32 отбасы жаңа пәтерге көшті. Сөйтіп екі жылда Орал қаласы әкімдігінің баспана кезегінде тұрған апатты үйлердің 48 тұрғыны пәтерін жаңартып алды.

Ал пайдалануға берілген 9 қабатты, 126 пәтерлік зәулім үйдің орнында 12 пәтерлік жертабан үй болды деудің өзі қиын.

Жоғарыда айтқанымыздай, Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасын» жүзеге асыру аясында «7-20-25» бағдарламасы Орал қаласында біртіндеп іс­ке асырылуда. «Кара­ванный путь» құрылыс ком­пания­сы тап­сырған 126 пәтерлік тұр­ғын үй 11 айдың ішінде са­лы­нып бітті. Ол «Нұрлы жер» инфрақұрылымды дамыту мем­ле­кеттік бағдарламасы бо­йынша апат жағдайында тұрған үйдің пәтер иелеріне, тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға және «Тұрғын­үй­құры­лыс­жи­нақ­банкі» салымшыларына берілетін болды.

Пайғамбар жасынан асқан Өтеген Сұлтанғалиев ақсақал бұрын Орал ет комбинатында дәрігер болып қызмет еткен екен. Өзі де, жары да зейнет демалысына шыққан қариялар осы жердегі көне пәтерде үш бала тәрбиелеп өсіріпті. Апатты үй орнында бой көтерген жаңа үйдің №102 пәтері Өтеген Аюпұлының еншісіне тигеніне ерекше қуанышты.

Бүгінде Орал қаласында осындай көппәтерлі 5 үй салы­­нып жатыр. Ол үйлердің құ­ры­лысы 2019-2020 жылдары аяқталмақ.

«Болашақта құлағалы тұрған 7 көне үйдегі 76 пәтер тұр­ғын­да­ры да осындай жолмен жаңа баспанаға ие болады», дейді облыстық құрылыс басқармасы мамандары.

 

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Рейтингте жоғарылады

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:22

«Алтын сақа» үздіктері анықталды

Ұлттық спорт • Бүгін, 07:15

Қазақ әні Нью-Йоркте шырқалды

Руханият • Бүгін, 07:09

Шапағатты жол

Руханият • Бүгін, 06:59

«Қайырболатты қайтарыңдар!»

Аймақтар • Бүгін, 06:56

Волонтерлер бас қосты

Қоғам • Бүгін, 06:47

Стипендия көтеріледі

Қоғам • Бүгін, 06:43

Нақты тапсырмалар берді

Президент • Бүгін, 06:27

Алтын орданың ақ таңы

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар