Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Қоғам жемқорлықты жоюға мүдделі
Еліміздің 30 жылдағы дамуына үлкен кедергісін келтірген, көшімізді кері тартқан мәселе жемқорлық екенін көбіміз білеміз. Біле тұра, бұл індетпен күресте әлі де айымыз оңынан тумай тұрғаны айқын екенін де мойындаймыз. Кедергісіз келешек, жарқын болашақ – жалпы әділет салтанат құрған қоғам орнатқымыз келсе, осы жемір мәселені түп-тамырымен жоюымыз керек.
Сұхбат • 19 Қаңтар, 2023
Осыдан отыз жыл бұрын 19 қаңтарда Президент Жарлығымен Қарулы күштерде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институты құрылды. Тәрбие жұмысы органдарының тарихы, міне, осы сәттен бастау алады. Осыған орай біз Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, генерал-лейтенант Сұлтан Қамалитденовпен сұхбаттасқан едік.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2023
Бұрынғы ет комбинатын іске жаратайық
Абай облысында ет өңдеу өнеркәсібі қайта жанданатын тәрізді. Кезінде ет өңдеуде күллі кеңес одағына мәлім болған Семейде 2025 жылы жаңа ет комбинаты іске қосылады деп жоспарланып отыр. Инвестор да табылыпты. «Еуразия АгроХолдинг» компаниясына жер телімі де беріліпті. Инвестор ендігі екі жылын кәсіпорынды іске қосуға күш салады.
Қоғам • 19 Қаңтар, 2023
Туристік саладағы кәсіпкерлер мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары шетелдік туристер үшін 5 пайыз мөлшерінде Bed Tax туристік жарнасына қатысты теріс қорытынды шығарды. Бірақ Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен 2023 жылдың қаңтарынан бастап аталған жарнаға қатысты норма іске қосылды. Ал бизнес бұл жарна салаға кері әсер етеді деп қауіптеніп отыр.
Экономика • 18 Қаңтар, 2023
Осы жылы қаперде ұстайтын тәуекелдер
Негізінен импорттаушы ел екенімізді ескерсек, бізге азық-түлік пен тұтыну өнімдерінің жаңа көзін табу тиімді болмақ. Егер өндірісті өзімізде өрістете алсақ, тіпті жақсы. Сонымен қатар шикізатымызды тасымалдайтын жаңа бағыттардың керек екенін 2022 жыл жақсылап түсіндіріп бергендей. Осы орайда 2022 жылдың 5 негізгі экономикалық оқиғасын айқындап, биылғы тәуекелдерді тізбелеген «Jusan Analytics» сарапшыларының шолуын ұсынамыз.