Парламент • 17 Қаңтар, 2019
Кәсіпкерлік жаңа белеске көтеріледі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында еліміздің 1499 азаматы халықаралық, ал 1026 адамы мемлекетаралық іздеуде жүргендігі белгілі болды. Бұл жөнінде еліміз бен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы құқықтық қарым-қатынастарды реттеуге арналған заң жобаларын талқылау кезінде айтылды.
Технология • 17 Қаңтар, 2019
Отандық «Кремний алқабының» халі қалай?
Өткен жылы Қазақстанның «Кремний алқабына» айналады деген үмітпен, асқаралы мақсатпен Astana Hub технопаркі ашылған-ды. Аз уақыт ішінде Astana Hub-тың стартаперлерге арналған павильоны лық толды.
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2019
Абайдың сөзімен айтқанда «Жастықтың оты жалындаған, талаптың аты арындаған» буынды қолдауға арналған жыл басталды. Жастар жылында қандай шаралар қабылдануы керек? Жастарды не алаңдатады? Олар қандай қамқорлыққа зәру? Жыл бойы пайдасыз форумдар мен флешмобтар шеруінен көз аша алмай қалмаймыз ба? «Egemen Qazaqstan» газеті осы тектес сауалдардың жауабын тұрақты түрде оқырман назарына ұсыну үшін Жастар жылына арналған арнайы бет шығаруды қолға алып отыр.
«Ауыз судың азабы»: Зеренді ауданы әкімдігінен жауап келді
Аталған мақалада Ақмола облысының бірқатар ауданындағы ауыз су мәселесінің өткір күйінде тұрғаны, соның ішінде Көкшетау қаласының іргесіндегі Березняковка ауылының тұрғындары суды тасымалдап ішіп отырғаны және басқа да аудандардың елді мекендерін сумен қамтуда толғақты мәселелер қордаланып қалғаны жазылған болатын.
Медицина • 17 Қаңтар, 2019
Ел халқының жартысынан астамы артық салмақтан зардап шегеді
Бұрын адамдар салмақтың жеткіліксіздігінен зардап шексе, қазір артық салмақ пен семіздіктен сергелдеңге түсетіндер көбейген. Бүгінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы семіздікті «ХХІ ғасырдың инфекциялық емес эпидемиясы» деп танып, әлемнің 1,7 миллиард адамы артық салмақтан зардап шегіп отырғанын айтады. Бұған қоса 250 миллион адам семіздік салдарынан пайда болатын түрлі ауруларға шалдыққаны туралы мәлімет таратқан.