Саясат • 22 Қаңтар, 2021
«Достлуг» Каспийдегі достықты нығайтады
Кеше Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейнебайланысқа шықты. Жиын екі үкімет арасындағы меморандумға қол қою мақсатында орайластырылды.
Экономика • 22 Қаңтар, 2021
Нарық үшін нағыз бәсеке енді басталады
Санаулы күн бұрын одақ елдері ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің еңбеккерлерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді қабылдады. Бұл келісім бойынша мысалы Қазақстан азаматы Ресейге барып жұмыс істеп, сол елдің үкіметінен, ал біздің елде еңбек еткен армениялық жұмысшы зейнетақысын БЖЗҚ-дан алуына мүмкіндік туады.
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Байден билігі: «Үмітке толы күн»
АҚШ-тың жаңа сайланған 46-шы президенті Джо Байден ресми қызметіне кірісті. Осылайша, Америка тарихындағы саяси биліктің ең күрделі кезеңдерінің бірі аяқталды. Енді Президент Байденнің дәуірі басталды деуге болады.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қазақ журналистикасының қара нары
Өзегінде асыл сөз бүрлеген тұлға атаулының дені өмір заңдылықтарын айна-қатесіз бедерлейді. Солардың саф туындылары тіршілік түйткілдерінде санасы сарғайған оқырманмен қауышып, жанына жалау, рухына алау болып, бойына қуат дарытпақ. Олар ұлтының асқақ арманы жолында рухты жаныр жасампаз ойларды тізбектеп, ғасыр бойы елінің рухани әлемінде өлшеусіз қызмет етіп, талай тарихи оқиғаларды әспеттеді. Біздің өткен уақыт жүлгесін толықтай түсініп-тұшына алуға сол біз атаған қасиетті парақ бетіндегі зерлі шығармалар түрткі болғаны анық. Оған дәлел теоретик-ғалым, профессор, публицист Намазалы Омашұлының үш томдық таңдамалы шығармалар жинағы.
Кино • 22 Қаңтар, 2021
Ұлт қасіретін арқау еткен туынды
Қазақ халқының тең жартысын қынадай қырған ашаршылық қасіреті әдебиетімізде арагідік айтылғанымен, ұлттық киноиндустрия бұл тақырыпта толымды дүние жасай алған жоқ. Десе де өткен жылдың соңында осынау қиямпұрыс кезеңді боямасыз бедерлеп, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап жарық көрген «Ұлы дала зары» фильмі көпшіліктің ықыласына бөленген болатын.