Қазақ халқының тең жартысын қынадай қырған ашаршылық қасіреті әдебиетімізде арагідік айтылғанымен, ұлттық киноиндустрия бұл тақырыпта толымды дүние жасай алған жоқ. Десе де өткен жылдың соңында осынау қиямпұрыс кезеңді боямасыз бедерлеп, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап жарық көрген «Ұлы дала зары» фильмі көпшіліктің ықыласына бөленген болатын.

Мың рет айтылып, мың рет жазылса да ашаршылық тақырыбы ұлт жүрегіне мәңгі жара болып жармасқан қасірет. Оны ұмыту – өткенімізді ұмыту. Темір жол бойында тентіреп, бір тілім нан таппай өзегі өртеніп өлген аталарымыз бен әжелерімізді ұмыту, жан сауғалап жат босағаға телмірген, үдере көшіп, босып кеткен бауырларымызды ұмыту. Біз сөз етіп отырған кинокартинадағы сай-сүйегіңді сырқырататын эпизодтар ешқандай ертегі емес, қатыгез жүйенің табанына жаншылған халқымыздың қасіретті тағдыры екенін ауыр да болса қабылдауға тура келеді. Тарихшы Талас Омарбеков тілге тиек еткендей: «Жер бетінде дәл қазақ секілді қасірет шеккен халық жоқ».
Бүгінгі ұрпақ – басқа ұрпақ. Олар кеңестік жүйені қалай түсінеді, өткен күндер бедерінде қасіретпен айғыздалған халқымыздың қилы тағдырын қалай сезінеді, қалай суреттеп береді?.. Рас, кеңестік жүйеде неге мұндай қасіреттер орын алды деген сұраққа бір-ақ ауыз сөзбен жауап беру тым қиын. Осы тұрғыдан алғанда, «Ұлы дала зары» туындысы уақыт үнін әділ таразылағанына шүбә жоқ. Тарихты танудағы басты мақсат өткенге салауат айта отырып, ұлттық рухымызды жану, қайраттану, ынтымаққа ұйысу, сол арқылы тәуелсіздігіміздің тұғырын сақтап қалу дейтін болсақ, аталған фильм бүгінгі ұрпаққа сол жылдардың ызғарын, салмағын сезіндіре алған шығарма бола алды деуге толық негіз бар.
«MG production plus» кинокомпаниясы ұсынған туынды «Оскар» сыйлығының «Шет тілдегі үздік фильм» номинациясына ұсынылғаны мәлім. Фильмді еліміздің Кинематографистер одағы жанындағы Қазақстанның Оскар комитеті таңдады. Асанәлі Әшімов, Олег Борецкий, Фархат Әбдірайымов, Фархад Шәріпов, Арман Асенов, Сатыбалды Нарымбетов, Қанат Төребай сынды кино майталмандары қазылар құрамына кіретін комитеттің төрт мүшесі картинаны әйгілі байқауда ел намысын қорғауға лайық туынды деп бағалаған. Байқау нәтижесі ақпан айында анықталады.
Ашаршылық тақырыбын арқау еткен фильмнің онлайн көрсетілімі 2020 жылдың қазан айында cinexus.kz онлайн кинотеатрында басталды. Фильм сценарийін Марина Кунарова жазып, жұмысқа өзі режиссерлік еткен. Туындының продюсері Ернар Мәліков, бұған дейін берген сұхбаттарында кинокартинаны бес жыл бойы түсіргенін, бұл жолда қаржылық қиындықтармен бетпе-бет келгенін мәлімдеген еді.
– «Ұлы дала зары» бес жыл бойы түсірілді. Бізге түсірілімге және постпродакшенге ақша жетпеді. Қолдауды ұзақ күттік, тіпті уәде бергендер болды. Мәдениет министрлігінен сан рет көмек сұрадым. Дегенмен ешқандай нәтиже болған жоқ. Ведомстводағылар бұл жеке тұлға туралы фильм емес, ұлттың қасіретін арқалаған жоба екенін ұғынбай-ақ қойды. Қысқасы, соңына дейін бір тиын да алмадық. Қайткен күнде де жобаға барымды салуға тура келді. Осы уақыт аралығында барлық мүлкімді саттым, қарыз алдым, пәтерімді кепілге бердім. Қарапайым халыққа рахмет. Тиындап болса да қаржы аударды. Бір әжеміз 100 мың теңге зейнетақысын бізге көмек ретінде аударғанда көзіме жас келді. Бойында ұлттық намысы ойнаған жастар да 1000-2000 теңгеден есепшотымызға ақша аударды. Алайда осындай фильм түсіруге деген тілегім мен құлшынысым маған жарты жолда тоқтап қалмауға көмектесті. Бұл – біздің қатыгез заманда өмір сүрген ата-бабаларымыздың алдындағы азаматтық парызымыз. Картинаның негізінде тарихи деректер жатыр, бәрі өмірдегідей көрсетілген. Осы фильм арқылы біз қазақ халқының өткені туралы айтқымыз келді. Өйткені көптеген жыл бойы тарихымыздағы қанды оқиғалар үнсіз қалды. Көп уақыт өтті, бірақ бұл туралы ешкім білмейді. Ата-бабаларымыз басынан не өткермеді? Біз кем дегенде «Оскардың» қысқа тізіміне кіре алсақ, онда бүкіл әлемге көп нәрсе көрсете аламыз, – деп ағынан жарылды Ернар Мәліков.
Осы ретте Мәдениет және спорт министрлігі аталған фильмді әлем елдерінің көрермендеріне жарнамалауға, шетелдік аудиторияға таныстыруда қаржылық тұрғыдан нақты қандай қолдау көрсете алады деген сауалды тиісті орынға жолдадық.
«2019 жылдың 3 қаңтарында «Кинематография туралы» заң қабылданып, министрліктің кино өнері саласындағы саясаты тұжырымдамалық негізде өзгерді. Аталған заң талаптарына сәйкес, бірыңғай оператор ретінде құрылған Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы арқылы ұлттық фильмдердің өндірісі қаржыландырылады. Бұл ретте бәсекеге қабілетті киноөнім шығару және мемлекеттік қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, киножобаларды іріктеу бірнеше кезеңнен тұратын ашық конкурстар өткізу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекет тарапынан киножобалар толық 100% және жеке кинокомпаниялармен бірлескен жобалар ішінара қаржыландыру мүмкіндігі бар. Алайда Ернар Мәліковтің «Ұлы дала зары» кинокартинасының өндірісі 100% мемлекеттік бюджеттен тыс қаражат есебінен түсірілгенін ескере отырып, оның ілгерілетілуіне мақсатты қаражат қарастырылмағанын айта кеткен жөн. Осы орайда аталған фильмді қаржыландыру қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді. Өкінішке қарай, республикалық бюджеттен «А» санатындағы халықаралық кинофестивальдарға қазақстандық фильмдерді қатыстыру және шетелде қазақстандық кино күндерін өткізу бағдарламалары аясында жыл сайын бөлінетін қаражат, биылғы жылдың бюджетін қалыптастыру кезінде коронавирус індетіне байланысты қолдау таппады. Осылардың негізінде, «Ұлы дала зары» фильмін және басқа да жекеменшік қаражат есебінен шығарылған фильмдерді, министрлік тарапынан қолдаудың мүмкіндігі шектеулі», деп мәлімдеді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Тарих нақтылықты сүйеді десекте, кез келген ірі оқиға буын алмасқаннан кейін халықтың жүрегіне сөз құдіреті мен өнер арқылы мейлінше тез жол табады. «Көркем әдебиетіміз бен киноиндустриямыз біз айтқан қасіреттің картинасын ашып көрсете алды ма?» деген сауалды ашаршылық тақырыбын індете зерттеп жүрген тарих ғылымдарының докторы Талас Омарбековке қойдық.
– Ашаршылық тақырыбын біздің режиссерлеріміз бірнеше тарихи деректі фильмдерге арқау етті. Олардың арасында Халила Омаров, Еркін Рақышев секілді бірқатар кино майталмандарының сәтті шыққан туындыларын атауға болады. Неге екені белгісіз, біздің экрандарда бұл кинолар қайталап көрсетілмей архивтерге кетті. Тіпті атап өтіп отырған 31 мамырда да көрсетілмейтін болды. Мұндай немкеттілікке жол берілмеуі керек. Жұртты тарту үшін көркемдік образдармен жымдастырылып түсірілген бұл туындылар үнемі көрерменнің көз алдында тұруға тиіс. Бұл да болса жоғарыда айтып өткеніміздей, ашаршылықтың рухани салдарына, терең тамырына мемлекеттік деңгейде бойлай алмай отырғанымызды көрсетеді. Біз шынын айтқанда, бұл қасіретке жүрегіміз ауырып, мән беріп отырған жоқпыз. Смағұл Елубайдың «Ақ боз үй» романы осы тақырыпты ең бір көрнекті көрсеткен шығарма. Бірақ көркем әдебиет пен киноларымызда ашаршылық тақырыбы қалай көрініс табуы қажет деген заңды сұрақ туындайды. Мәселен, ашаршылыққа ұшырауымызға тікелей кінәлі Сталиннің тұлғасы, Голощекиннің бейнесі ашылуы керек. Олардың сол кездегі қазақ басшыларымен ара-қатынасы, ОГПУ-ды басқарған Данилевский, Каруцкий, Валленберг, Олшанский секілді тарихи шынайы тұлғалардың, өзіміздің халықтық комитетте лауазымды мансапта болған ашаршылыққа кінәлі жандардың бет-бейнесі боямасыз көрініс табуға тиіс. Ең бастысы, мұның бәрі шынайы құжаттық негізде, архивтік негізде болғаны ләзім. Осы тұрғыдан келгенде мұндай толымды шығарма дүниеге келген жоқ. Бәлкім, болашақта жазылып, экранға жолдана жатар, – дейді Талас Омарбеков.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында: «Бүгінде әлемдік киноиндустрияда тарих тақырыбындағы сценарийлерге сұраныс жоғары. Американың да, Еуропаның да айтулы оқиғалары туралы фильмдер өте көп. Қазір Netfliх, HBO және басқа да алпауыт кинокомпаниялар Азияға бет бұруда. Осы орайда біздің де шежіремізде ауқымды фильмдерге арқау болатын маңызды белестер мен оқиғалар баршылық. Көркем және деректі тарихи туындыларда мемлекеттілік және мемлекетшілдік идеясы әрдайым көрініс табуы қажет. Миллиондаған адамды қазаға ұшыратып, тірі қалғанын жан сауғалап босып кетуге мәжбүр еткен алапат ашаршылықтың алғашқы кезеңі – 1921-1922 жылдардағы нәубеттен бері 100 жыл өтті. Сол зұлматтың кесірінен қырылып қалмағанда, халқымыздың саны қазіргіден әлденеше есе көп болар еді. Тарихымыздың осы ақтаңдақ беттері әлі күнге дейін жан-жақты зерттелмей келеді. Тіпті ғалымдардың арасында ашаршылық құрбандарының нақты саны туралы ортақ пайым жоқ. Ала-құла деректер және оның себеп-салдары жайлы әртүрлі көзқарастар қоғамды адастырады. Тиісті тарихи құжаттарды, жиналған мәліметтерді аса мұқият зерделеу керек», дей келе отандық телеарналарға маңызды тарихи тақырыптарға арналған дүниелер әзірлеуді тапсырған болатын.
Көптеген шетелдік ғалым халықаралық қауымдастық тарапынан әлі күнге дейін толық геноцид ретінде мойындалмай келе жатқан қазақ халқының ашаршылық тақырыбын зерттеумен айналысқаны белгілі. Мұның бір себебі, олар әлемдік қауымдастық елең ете қалатын өткір тақырыптарды тауып, сол арқылы халықаралық ғылыми мекемелерден қомақты гранттар ұтып алуды көздеді. Отандық ғалымдар бұл пікірді талмай айтып келеді. Бір сөзбен айтқанда, қазақтың қасіретіне жүрегі ауырып, қазақтың тарихын жүйелеп берейік, көмектесейік деп жүргендер жоқтың қасы. Біздің тарихымызға жүрегі ауырып, шынайы зерттей алатын тек өзіміздің тарихшылар, оны әлемге таныта алатын да өз әдебиетшілеріміз бен киногерлеріміз. Қорыта айтқанда, ұлт намысы сынға түсер сәтте жұдырықтай жұмылып, киноиндустриямыз да бұл тақырыпты мықтап қолға алуға тиіс. Себебі өз тарихымыз өзімізге ғана керек. Ал әлемдік додада бақ сынайтын туындыға сәттілік серік болғай!
АЛМАТЫ
Ақмола облысында шахта опырылып, екі адам зардап шекті
Аймақтар • Бүгін, 15:20
Қарағандыда нәрестесін тастаған «көкек ана» іздестіріліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада топырақ басып қалған екі жұмысшы құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 15:03
Экология министрлігі аң аулау ережелерінің талаптарын бұзудағы жауапкершілік туралы ескертті
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Шымкентте үкіметтік емес ұйымдар әлеуметтік қызмет көрсетуде белсенділік танытуда
Аймақтар • Бүгін, 09:19
Атырауда 27 жастағы жігіт бірнеше жерге есірткі жасырған
Қоғам • Бүгін, 09:12
Өңірлерге сұйытылған газ жеткізу жоспары қайта жасақталды
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Лисаков қаласында теннис орталығы пайдалануға беріледі
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Төрт күнде тұрмысы қолайсыз 400-ден астам отбасы тексерілді
Аймақтар • Бүгін, 09:07
Қазақстанда коронавирустан 800-ден аса адам емделіп шықты
Қазақстан • Бүгін, 09:03
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 804 адам анықталды
Қазақстан • Бүгін, 08:58
Ақ халаттылардың абзал бейнесі
Руханият • Бүгін, 08:40
Спорт • Бүгін, 08:39
Руханият • Бүгін, 08:38
Ұқсас жаңалықтар