Фото: Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы
Меркі ауданының 62 жастағы тұрғыны қайтымсыз процестің алдында ауруханаға түскен. Бұған дейін науқас ішінің ұлғайғанын, жүру және тыныс алуының қиынға соққанын байқаған. Ауыл тұрғыны тұмауға қарсы екпе салдыру керек болып емханаға барғанда оны шұғыл тексеруге жіберген.
Дәрігерлер қойған диагноздан соң әйелге шұғыл ота қажет болған. Тәжірибелі хирургтар заманауи құрал-жабдықтардықтардың көмегімен қатерлі ісікті алып тастаған.
«Біз уақытында үлгердік. Шынымды айтсам, науқас өте бақытты. Қазір метастаз жоқ. Химия алмайды. Тек мақсатты терапия алып жатыр. Бұл емдеуді аурудың алдын алу мақсатында жүргізіп жатырмыз», деді облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының бөлім меңгерушісі Ерасыл Арапов.