Таным • 22 Қаңтар, 2021
Қазақ жұрты бисіз болған жоқ. Тақта талай хандар отырды. Бірақ жанындағы жағалай жайғасқан билерден озып билік айтқан кезі кем. Қандай шешімде де билердің пәтуасына сай ой қорытты. Өйткені билер орынды пікірін жеткізді, ақтық шешімін айтты. Сондықтан қазақ халқы билерін қадірледі. Мәселен Аяз бидің айтқаны, Жиренше шешеннің сөздері, Алашты аузына қаратқан Қаз дауысты Қазыбек (Келдібекұлы) би, Төле би, Әйтеке би секілді дуалы ауызды даналардың төрелігі елдігімізді асырып, ерлігімізді ел-жұртқа жеткізді.
Сұхбат • 22 Қаңтар, 2021
Наурыз Қылышбаев: Қазақ әлемге қаласымен емес, киелі даласымен танылған
Арттағыны қозғап ағалығын көрсетіп, алдағыны болжап даналығын айшықтап, есжияр әңгіме айтып жүрген жарқын тұлғаларымыздың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері, қаламгер, Алматы облысының Құрметті азаматы Наурыз ҚЫЛЫШБАЕВ ағамыздың ғұмыр жолы бір мектеп. Жастың да, жасамыстың да құрмет көрсетіп жатқан сәттерін көргенде кеудеңізді қуаныш лебі кернейді. Қашанда жақсының жақсылығын айтып, бар қазақты байтақ құшағына сыйдырып отырады. Пенденің қабағынан-ақ емеурінін аңғарар ағамыз бұл жолы да шешіле берді.
Парламент • 22 Қаңтар, 2021
Жүргізушілер қуанатын күн жақын (Сенат маңызды заң жобаларын қабылдады)
Сенат Спикерінің төрағалығымен Палата отырысы өтті. Сенат Спикерінің төрағалығымен Палата отырысы өтті. Мәулен Әшімбаев VII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Президент белгілеп берген міндеттердің маңызына назар аударды.
Абай • 22 Қаңтар, 2021
Кеңестік дәуірде гуманитарлық ғылымдардың империяның отарлық саясаты мен коммунистік-атеистік идеологиясына үнемі бейімделіп отыруына тура келді. Бейімделді дегенше шындық бұрмаланып, ақиқат айтылмай, ғылым жалғанданды дей беріңіз. Бірақ ондай ғылым да, оны жасап, қызығын халқы емес өзі көрген бейімделгіш ғалымдар да билеуші партияның кезеңдік көсемдерімен бірге уақыт шаңына көміліп қалғанын көріп отырмыз.
Бокс • 22 Қаңтар, 2021
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңы мен 70-ші жылдарының басында айшықты өнерімен көзге түскен белгілі боксшы Сұлтан Костоевтың бірқатар додада жүлде алғанын егде тартқан жанкүйерлер ұмыта қойған жоқ. Кезінде ол КСРО мектеп оқушыларының спартакиадасы, Кеңес Одағының жастар және Қарулы Күштері біріншіліктері, Бүкілодақтық «Спартак» және Кәсіподақтар қоғамы жарыстарында сан мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Айтулы маман одан кейінгі саналы ғұмырын толықтай бапкерлікке арнап, көптеген дарынды жастың бағын ашты.