Технология • 17 Қаңтар, 2020
Бірыңғай қуаттағыш шығаруды міндеттемек
Еуропарламент бүкіл ұялы телефон өндірушілерді бірыңғай қуаттағыш шығаруға міндеттемек. Бұған бүкіл смартфондар, планшеттер мен электронды кітап оқитын құрылғының бәрі кіреді. Қазіргі таңда әр компания түрлі қуаттағыш шығаратыны белгілі.
Әлем • 17 Қаңтар, 2020
АҚШ-Иран дағдарысы: алда не күтіп тұр?
Иранның шетелдегі, атап айтсақ Таяу Шығыстағы әскери ықпалының символы саналатын генерал Қасым Сүлейманидің АҚШ тарапынан өлтірілуі бүкіл әлемнің назарын АҚШ-Иран дағдарысына аударды. Иранның қарсы соққысынан ешқандай америкалық әскерге нұқсан келмеуіне орай АҚШ президенті Трамптың жасаған «сабырлы» мәлімдемесі дағдарыстың әзірге саябырсығанын көрсетеді. Дегенмен Түркі-Ислам әлемінің қақ ортасында орналасқан Иранның болашағы Қазақстан үшін де маңызды екені айқын.
Әдебиет • 17 Қаңтар, 2020
Айтматов феномені: адам мен адамзат арасы...
Көркем шығарманың атауы әманда авторлық концепциямен, суреткерлік идеямен һәм образдар табиғатымен жымдасып келуі өте сирек құбылыс. Туындының эстетикалық әсерін, бар ой-салмағын сығымдап, бір ғана атауына сыйғызып, символдық мәнге айналдыруға, әрине тек шын таланттың ғана қауқары жетпек. «Ана – Жер-Ана», «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Боранды бекеттің» образды мағынаға ие болуының астары осында жатса керек. Бұл қалам-қабілет – сөз өнерінде қырғыз әдебиеті поэтикасының құдіретін танытқан Шыңғыс Айтматовтікі. Адамзаттың зілмауыр проблемаларын там-тұмдап шығармасына төккен суреткер әлем мен адам алдына өмірлік құндылықтарды көрсете алды. Бір шығармасымен екіншісі ұқсамайтын Айтматов шығармашылығының тағдырлы кейіпкерлері Жәмиладан басталып, Танабай, Едігеден асып, Авдий Калистратов, Бостан Үркіншиев болып жалғасты. Қанша «жазылып болды, оқылып бітті» дегенімізбен, Айтматов шығармасына қайта оралып жатамыз. Бүгін де сол дәстүрден жаңылмай, әдебиеттанушы-ғалымдармен Айтматов суреткерлігі хақында ой қозғамаққа бекіндік.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2020
Оқушылар – Олимпиада жүлдегерлері
Облыстық «Ертіс дарыны» қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының мәліметінше, 8-14 қаңтар аралығында Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінде өткен ХVI халықаралық Жәутіков олимпиадасына әлемнің 21 елінен 599 қатысушы келіп, Павлодар облыстық командасы 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медальға ие болды.
Сұхбат • 17 Қаңтар, 2020
Ұстаздың қоғамдағы беделіне бәріміз жауаптымыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған «Педагог мәртебесі туралы» Заң күшіне енді. Осы орайда аталған құжатты дайындауға белсенді атсалысқан Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Айгүл МҰҚАШЕВАМЕН әңгімелескен едік.