Қазақстан • 16 Қаңтар, 2020
2019 жылы «Химфарм» АҚ өндіріс көлемі 15% өсті
Бұл өсімге негізінен құрамында алкалоидтер мен антибиотиктер бар дәрілік заттар өндірісінің артуы есебінен қол жеткізілді. Атап айтқанда, алколоидтер бар заттар өсімі 813 мың тоннадан 829 мың тоннаға жетсе, соңғы түрі бойынша өсім 112 мың тоннадан асты, яғни 57 мың тоннадан 169 мың тоннаға жетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020
Алматылық дизайнерлер «Аltyn oimaq» жеңімпазы атанды
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорының» қазақстандық дизайнерлер арасында өткізген «Аltyn oimaq» байқауы мәресіне жетті.
Тағайындау • 16 Қаңтар, 2020
Президенттік жастар кадр резервінің өкілі тағайындалды
Президенттік жастар кадр резервінің өкілі Нұрбек Серіков «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Елордада шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 3,1%-ға артты
Елордада 167 183 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның 68 483 заңды тұлға, 98 364 жеке кәсіпкер және 336 шаруа қожалығы. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 3,1%-ды құрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020
Алматы облысында мас күйінде көлік жүргізген келіншек ұсталды
Оқиға Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында болған.