Тағайындау • 16 Қаңтар, 2020

Президенттік жастар кадр резервінің өкілі тағайындалды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттік жастар кадр резервінің өкілі Нұрбек Серіков «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Президенттік жастар кадр резервінің өкілі тағайындалды

Нұрбек Нұржанұлы Серіков 1989 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетін (Тюмень қ.) және Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген.  

Еңбек жолын 2012 жылы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Тұрғын үй құрылысы департаментінің Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру басқармасының сарапшысы қызметінде бастаған.

2013 жылдан 2019 жылға дейін Инвестициялар және даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының түрлі қызметтерінде жұмыс істеді.

2019 жылдың мамырынан бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Айта кету керек, Президенттің тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне енген үміткерлер мемлекеттік қызметтің әкімшілік және саяси лауазымдарына, квазимемлекеттік сектордың басшылық позицияларына тағайындалатын кезде қаралады.

Президенттік жастар кадр резервін құру қажеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасында атап өтті. Сол кезде Мемлекет басшысы резерв жастар үшін тиімді әлеуметтік лифт болуы тиіс екенін атап өтті.