Құқық • 15 Қаңтар, 2025
Жүгенсіз жүргізуші – қоғамға қауіп
Жолдағы жауапсыздықтың салдарынан жыл сайын мыңдаған адам қазаға ұшырайды. Жол-көлік апаты елімізде жиі болатыны, оның салдарынан өлім-жітім де көп екені үнемі айтылып, оқыс оқиғалардың алдын алуға бағытталған түрлі іс-қимылдар қолға алынғанымен, қаралы статистиканың азаяр түрі жоқ.
Сұхбат • 15 Қаңтар, 2025
Қазақ құсбегілігін әлемге әйгілеген
Жуықта «Республикалық құсбегілік федерациясы» қоғамдық бірлестігінің өтініші бойынша Моңғолия Республикасына іссапармен барып, сол жақтағы байөлкелік құсбегілердің өнерімен танысып, біршама дерек жинап келген едік. Саятшылықтың қыр-сырына қанық қаншама мамандарға жолықтық. Соның бірі – қазақтың құсбегілік өнерін зерттеумен қатар, әрбір сәтін суретке түсіріп, әлемге әйгілеп жүрген Чойжилжавын Батзаяа атты азамат. Бұл жігіт өткен жылы «Бүркіт» (моңғолша «Бүргэд») атты үлкендігі төре табақтай фотоальбом шығарыпты. Альбом-кітаптың басты тақырыбы – Қобда өлкесінде өмір сүріп жатқан қазақ құсбегілерінің өмірі, тыныс-тіршілігі, бүркітпен аң қаққан сәттері, саят-салбурын құрған кездері, түз құсын қолға түсіріп, оны баптап-баулуы қатарлы жүздеген көрініс фотобейне және әңгіме-сұхбат форматында берілген. Мұндай кітап құсбегіліктің отаны біздің елімізде жоқ. Сапар барысында Ұлан-Батыр қаласында тұратын фото-суретшіге жолығып, сұхбаттастық.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2025
Қатардағы учаскелік инспектор – қызмет барысындағы іс-қимылы арқылы ел алғысын арқалап жүрген абзал азаматтың бірі. Әуел баста осы қызметті жан-тәнімен қалағандықтан ба екен, нар тәуекелді тілейтін қауіп-қатер көп тұста тізгін тартып көрмепті.
Таным • 15 Қаңтар, 2025
Арқадағы алғашқы өндіріс ошақтары
Қазақстанда 177 жыл бұрын негізі қаланған металлургиялық өндіріс бүгінгі еліміздің ірі өнеркәсіп алпауыттары – «Qarmet», «Kazakhmys» корпорацияларының бастауында тұр.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025
Тәртіп сақшыларына 40 көлік тарту етті
Қоғамдық тәртіпті қадағалауда полиция қызметкерлерінің үлесі зор. Мереке күндерінен бөлек, күнделікті тұрғындардың тыныштығына жауап беретін құзырлы орган өкілдері тәулік бойы тыным таппайды. Осыны ескере отырып, облыс әкімдігі тарапынан жетісулық тәртіп сақшыларына су жаңа 40 автокөлік тарту етілді. Көліктер тек облыс орталығына емес, аудандағы департамент қызметкерлеріне де үлестіріледі.