Қазақстан • 19 Қаңтар, 2022
Nur Otan партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек бейнеконференция режімінде барлық өңірлік филиалдармен жергілікті жерлерде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың таяуда өткен Парламент Мәжілісінде қойған міндеттерін орындауға қоғамдық және партиялық қолдауды қамтамасыз ету жөнінде жиналыс өткізді, деп хабарлады Nur Otan-ның баспасөз қызметі.
Қазақстан • 19 Қаңтар, 2022
Ассамблея бастамаларды қолдайды
Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысушылар Парламент Мәжілісінің отырысында айтылған Президенттің бастамаларына қолдау білдіріп, сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорын құруға жан-жақты атсалысатынын мәлімдеді.
Экономика • 19 Қаңтар, 2022
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиялық жағдай, Әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимыл жоспары және инфляцияның өсуіне, азық-түлік пен мұнай өнімдері бағасының көтерілуіне жол бермеу шаралары қаралды.
Әлем • 18 Қаңтар, 2022
Ресейде коронавирус өршіп барады
Сарапшылар Еуроодақ елдерінде ұзақ твиндемия басталғанын болжап отыр. Ресейде бір тәулікте коронавирустан 700-ге жуық адам қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында мәлім етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 18 Қаңтар, 2022
Банктер халыққа көмектесіп жатыр
Қазақстандық екінші деңгейлі банктер елдегі жаппай тәртіпсіздіктен келген шығынды өтеуге өз тараптарынан көмек қолын созып жатыр. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы осындай ақпарат таратты. Төтенше жағдай мерзімі кезінде айыппұл мен өсімпұл есептемеуден бөлек, қаржы институттары зардап шеккен кәсіпкерлер мен қарапайым халыққа материалдық көмек беруді де жөн деп тапқан.