Экономика • 17 Қаңтар, 2020
Транзиттік тасымалдаудан 450 млрд теңге табыс тапты
Қазақстанның транзиттік әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Бұл мүмкіндікті тиімді пайдалану бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Мәселен, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2019 жылдың қорытындысында Қазақстан арқылы тасымалданған транзиттік жүк көлемі 19,4 млн тоннаға жетті.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2020
Елордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобының (ГРЕКО) атқарушы хатшысы Джанлука Эспозитоның қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.
Аймақтар • 17 Қаңтар, 2020
Қала маңындағы мекендер дамиды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы Үкіметке еліміздің ең ірі үш қаласы әкімдіктерінің құзыретін, оның ішінде қала құрылысы саясатында, көлік инфрақұрылымы мен сәулет келбетін қалыптастыруға байланысты тапсырма берген болатын. Осы орайда, Алматы қаласының әкімдігі тарапынан сәулет, қала құрылысы, жер қатынастары салаларын реттеуді жетілдіру, жасыл қорды сақтау, шағын және орта бизнесті дамыту, коммуналдық меншікті басқару, көлік, әлеуметтік мәселелер бойынша отызға жуық ұсыныс енгізілген-ді.
Қоғам • 17 Қаңтар, 2020
Шаһар құрылысына үлес қосқым келеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік жастар кадр резервін жасақтау туралы бастамасын алғаш естігенде осы жобаға қатысып, бағымды сынап көремін деп талаптандым. Қазір бұл сынақтың барлық кезеңінен сүрінбей өтіп, еліміздің білімді, білікті, жігерлі 300 жас азаматының қатарынан табылғаныма қуаныштымын. Кадр резервіне үмітті болған 13 мыңнан аса жастың бәрі жалындап тұр. Олардың арасынан ең мықтылары суырылып шықты. Сондықтан барынша ашық және әділ өткен іріктеудің нәтижесінде мемлекеттік қызмет саласының жұмысы айтарлықтай ілгерілейтініне сенемін.
Үкімет • 17 Қаңтар, 2020
Тоқыма кластерін қалпына келтіруге жасалған қадам
Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Шымкент қаласына сапары кезінде өткізу қабілеті сағатына 2000 жолаушыны құрайтын Шымкент әуежайының жаңа терминалының құрылысымен танысты.