Таным • 15 Қаңтар, 2025
Ғалам ғажаптары: Аяздағы марафон
Әрі бәсеке әрі мереке саналатын марафонның да түр-түрі бар. Мәселен, жақында ғана Якутияда – 43 градус аязда желаяқтар жарысы өтті.
Аңдатпа • 15 Қаңтар, 2025
16 қаңтар - «Қарагөз» Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында М.Әуезовтің «Қарагөз» драмасы сахналанады. Режиссері – Ф.Молдағали.
Ең қысқа әңгіме • 15 Қаңтар, 2025
Ол тұста біздің ауылдағы ұйғыр балалар тек қазақ мектебінде білім алатын. Сол себепті Шөкірат, Ділмұрат, Гүлниса деген ұйғыр балалары бізбен бірге оқыды. 7-сыныпқа шыққан жылы қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі әр оқушыға қатаң талап қойды. Кезекті сабақ тақырыбы – Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Күркіреген дауысымен жарты сағат бойы аталған шығарманы бізге оқып берген мұғалім «үй жұмысы ретінде осы поэманы жаттап келіңдер» демесі бар ма? Ал, кеп жаттайық. Сенбі-жексенбі соны жаттаумен болдық. Дүйсенбіге дейін мен небәрі 10-12 шумағын зорға жаттадым.
Көрме • 15 Қаңтар, 2025
Брюссельдегі әйгілі «Espace Intermediare» галереясында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің қолөнер шеберлері мен дизайнерлерінің көрмесі ашылды. Көрмеге түрлі әшекей бұйымдар, тері мен жүннен жасалған киімдерден бөлек, пайдаланылған материалдарды өңдеу арқылы жасалған өнімдер де қойылған.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2025
Талантты қазақ баласы Дубайда өткен «Sanremo Best Song 2025» халықаралық байқауында бас жүлдені еншілеп, ел абыройын асқақтатты. Ержан Максим бұл өнер додасында үздік атанып қана қоймай, танымал продюсерлік орталықтардан әріптестік жөнінде шақырту алды. Әлемдік сахна шежіресінде ерекше орын алатын әйгілі халықаралық байқау биыл өзгеше форматта өтті.