Әдебиет • 14 Қаңтар, 2025
Жазушы Ілияс Есенберлиннің талайлы тағдыры ғана емес, шығармашылық қиял қарымы мен ғибратты ғұмырындағы игерген тақырып ауқымы һәм сол мақсатын орындаудағы табанды еңбекқорлығы, рас, қай кезде де оқырманы үшін феномен. «Көшпенділер» мен «Алтын Ордадай» тарихи тақырыптағы теңдессіз трилогияларды өмірге әкелген қаламгердің жүрек қылын шертіп, жан дүниені әлемтапырық күйге түсіретін «Ғашықтардай» ғаламат шығарма тудыруы – шынымен таңғажайып таланттың жемісі.
Саясат • 14 Қаңтар, 2025
Қазақстан – Қытай белсенді диалогті нығайтуға бейіл
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев және палатаның бір топ депутаты Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды. Сапар аясында Қытайдың Халықтық саяси консультативті кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Ван Хунинмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесулер өтті. Онда парламентаралық ынтымақтастықты нығайту келешегі және алдағы кезеңге арналған бірлескен жобаларды іске асыру міндеттері талқыланды.
Руханият • 14 Қаңтар, 2025
Биыл туғанына 110 жыл толып отырған үлкен жазушы, қазақ әдебиетіне тарихи романдар желісін әкелген қайраткер-қаламгер Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы – эпикалық тынысының кеңдігімен, сюжет шеберлігімен, рухани серпінділігімен және өткен ғасырларда қазақ халқы бастан кешірген оқиғаларды көркем түрде суреттеуімен құнды. Яғни аталмыш туынды авторымен тағдырлас талантты жазушы Әнуар Әлімжановша айтсақ: «Көшпенділер» трилогиясының беттерін мұқият зерделемейінше, қазақ ұлтының сан ғасырлық тарихын талдап, пайымдау да мүмкін емес, әрі мұнсыз ол толыққанды болмайды».
Тарих • 14 Қаңтар, 2025
«Қолымды далада жоғалтып алдым» немесе құжаттары құпия деп танылған 106-кавалерия дивизиясы хақында
Ауылда мектепте оқып жүрген кезім. Көктемгі демалыста Көкшетау облысына (қазіргі Солтүстік Қазақстан) қарасты Сырымбет селосынан Дәуқара ауылына келдім. Бақтар күлімдеп көз тартып, ағаштар жамырап, құстар ұя салып, әндетіп тұрған күндер еді. Бір күні Құрманғали ағатайым мені шақырып алып: «Балам, өзіңмен сөйлесетін әңгімем бар» деді.
Тағзым • 14 Қаңтар, 2025
18 жасында – Кеңес одағының батыры
Днепр бойы. Қызыл әскер басып алған шағын плацдарм. Көз байлана жаудың шабуылы саябырсыды. 18 жастағы қазақ жігіті жалғыз өзі бес пулеметті оқтап, әр жерге орналастырып тастап, таңның атқанын күтті. Жерге жарық сәуле таралғанда бүкіл плацдармды әскери бөлімше ұстап тұрғандай жаумен жеке алысуын бастады. Бір өзі төрт күн бойы нәр сызбай, граната лақтырып, бес пулеметпен кезек-кезек оқ жаудырып фашистердің алға жылжуына мүмкіндік бермеді. Артынан рота сарбаздары көмекке келгенде жаумен жалғыз арпалысқан арыстан жүректі жігіт станокты пулеметін құшақтап, әлсіреп құлап жатқан еді.