Саясат • 14 Қаңтар, 2020
Нұр-Сұлтан қаласында «Қазақстанның Азаматтық альянсы» ЗТБ-ның конференциясы өтті. Онда аталған құрылымның өткен жылғы жұмысы қорытындыланып, алдағы мақсаттары айқындалды.
Экономика • 14 Қаңтар, 2020
Шоқжұлдыздай шағын ғана Жалтыр ауылында жан жадыратар жаңалық көп. Мұндағы экономикалық белсенді 2173 адам 219 шаруашылық нысанында жұмыс істейді. Ауылдық округтегі 176 жеке кәсіпкерді қосып есептегенде, 2018 жылы бюджетке 37480 мың теңге салық түскен. Мұның өзі 2019 жылдың қатталып-шотталып жатқан қорытынды көрсеткіштері бұдан да ауқымды болатынына шүбә келтіруге болмайтындай. Кей жерде екі қолға бір күрек таба алмай қаңтарылып қарап отыратындар қарадай қарныңды аштырса, жұмысы қысы-жазы қайнап жататын еңбекқор, тындырымды тұрғындары көп Жалтырыңыз өзіне тартып тұратын ауылдар қатарында.
Экономика • 14 Қаңтар, 2020
Біржан Шаймерденов басқаратын Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы «Дайындык агро» серіктестігі шаруасы шалқыған шаруашылықтардың бірі.
Экономика • 14 Қаңтар, 2020
Ел іші – еңбек кеніші (Агроөнеркәсіп өндірісінде Алматы облысы көш бастады)
Жетісу жерінде еңбек көрігі қызып тұр. Жыл басынан бергі жетістікті жіпке тізіп есептеген мамандар облыстағы еңбек өнімділігінің өткен жылға қарағанда 4 пайызға өскенін айтуда. Яғни, ақталған тердің ақшаға шаққандағы мөлшері 2 млн 150 мың теңгеге жетіп отыр. Ал өңделген өнім экспортының көлемі – 5,5 пайызға артып, 85 млн долларды құрады.
Сұхбат • 14 Қаңтар, 2020
Отбасы – мемлекет құндылығы, қоғам бірлігі
Әрбір жеке адам өмірінің маңызды бастауы, рухани өзегі – отбасы. Мұндағы негізгі мақсат – отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасы ұғымының қоғамдық санамен сабақтасқан ішкі үйлесімін қалыптастыру, әлеуметтік мемлекеттің негізі болар бала мен оның құқығын қорғау. Осыған орай біз отбасын сақтау және кәмелетке толмаған баланың құқығын қорғау жайында Нұр-Сұлтан қаласының Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қыдырбек Әлқожаевпен әңгімелескен едік.