Субсидия • 09 Қаңтар, 2025
Спутниктік құрылғыларды сатып алу субсидияланады
Ұлттық телерадионы қоспағанда, спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындарының бір бөлігін субсидиялау бағдарламасы басталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2025
Арнаулы әлеуметтік қызметтер лицензияланады
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау жүйесі енгізілді. Бұл оларды көрсету сапасын жақсартуға жағдай жасайды, осы саладағы бұзушылықтар санын азайтуға оң ықпал етеді.
Марапат • 09 Қаңтар, 2025
Ұшақ апаты кезінде ерлік көрсеткендер марапатталды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ақтауда әзербайжандық «Azerbaijan Airlines» ұшағы апатқа ұшыраған кезде батылдық, кәсібилік пен жауапкершілік танытқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттап, Президенттің Алғыс хатын табыстады.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Жергілікті мәселелерге мән берді
Мәжіліс депутаттарының сайлаушылармен кездесіп, еңбек ұжымдарының тыныс-тіршілігмен танысу мақсатындағы сапарлары өңірлерде жалғасып жатыр. Кездесу барысында депутаттар жұмысшылардың жай-күйіне қанығып, қоғамдағы өзекті мәселелерді реттеуге бағытталған заң жобалары төңірегінде ақпарат берді.
Пікір • 09 Қаңтар, 2025
Басты борышымыз – Тәуелсіздікті қорғау
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» ұлт басылымында жарық көрген астары қалың «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту» атты сұхбатының жолы да, салмағы да бөлек.