Сурет: ru.wikipedia.org
Бағдарламаның мақсаты – жеке немесе заңды тұлғаларды отандық спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының спутниктік қабылдау құрылғыларын сатып алуға ынталандыру. Бағдарлама шеңберінде спутниктік телерадио хабарларын тарату операторлары спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға жұмсалатын шығындардың бір бөлігін өтей алады. Бұл азаматтардың жабдық шығындарын азайтуға, отандық телерадио хабарларын таратудың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды. Субсидиялар жылына 50 мыңнан аспайтын спутниктік қабылдау құрылғыларын сатуға бөлінеді. Үдерістің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мақсатында Министрлік жанынан тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды. Субсидиялауды ұсыну тәртібі Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 қарашадағы №551-НҚ бұйрығымен бекітілген.
Министрлік Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларын бағдарламаға қатысуға шақырады. Қосымша ақпарат алу үшін +7 (7172) 74 02 64, +7 (7172) 74 03 43 телефон нөмірлері арқылы байланысуға болады.