Қазақстан • 09 Қаңтар, 2019
Ұлтты ұлықтауға ұйыстырады - Гаухар Алдамбергенова
Біз сынаптай сырғыған уақытта, жаңалығы желмен жарысқан кезеңде өмір сүріп жатырмыз. Жаһандану һәм бұралаңы көп заман иммунитеті мықты, тіні берік, мақсаты зор ұлттың ғана өзіндік болмыс-бітімін сақтайды. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.
«Қазпошта» ішкі нарықтағы Amazon мен Alibaba-ға айналады
Соңғы онжылдықта электронды сауданың қарқын алуы тауар бағасының арзандауына айтарлықтай ықпал етті. «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Сәкен Сәрсеновтің айтуынша, Қазақстан азаматтарының дүкен мен базарлардан алып келген өнімдерін онлайн дүкендерден 2-2,5 есеге арзанға алуға мүмкіндігі бар. Халықтың электронды сауда мен оның артықшылықтары туралы сауатының ашылуы соңғы бірнеше жылда елімізде онлайн тұтынушылар санының геометриялық прогрессиямен өсуіне сеп болған. «Егемен Қазақстан» газетіне берген эксклюзивті сұхбатында «Қазпошта» басшысы елдегі электронды сауданың қазіргі тенденциясы мен болашақ әлеуеті туралы кеңінен әңгімеледі.
Әлем • 09 Қаңтар, 2019
Орынборда «Дана Абай – дара Абай» атты мәнерлеп оқудан байқау өтті
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Орынбордағы өкілдігінің жетекшісі Сәуле Тәйкешеваның ұйымдастыруымен Ресей қазақтары арасында «Дана Абай – дара Абай» атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан байқау өтті.
Саясат • 09 Қаңтар, 2019
КХДР басшысы АҚШ уәдесінен үмітті
Ким Чен Ынның биылғы жаңа жылдық құттықтауы Оңтүстік Корея, Шығыс Азия мен Америка елдерінде ерекше назарға ілікті. Оның назарға ілігуінің себебі бай мазмұны, халықаралық саясатқа тоқталуы мен құттықтау формасының өзгеруі болып отыр. Сарапшылардың айтуына қарағанда, биылғы құттықтау формасынан бұрынғы жылдарға қарағанда жаңашылдық байқалады. Әсіресе америкалық және батыстық стильдегі құттықтауға жақын. Бұл оның мемлекет саясаты және қоғамдағы ішкі өмірдің қалыпты жағдайда екенін көрсетуі сынды. Батыстың көзқарасымен айтқанда, «демократиялық нормаға сай қалыпты мемлекет» деген ой қалдыру үшін жасалған деп қарастырылуда.
Қазақстан • 09 Қаңтар, 2019
«Қайырымдылық керуені» жолға шықты
Қазақстан халқы Ассамблеясы жай-күйі төмен отбасыларға көмек беру мақсатында қайырымдылық акциясын бастады. Нақтылай айтқанда «Қайырымдылық керуені» 5 қаңтар күні жолға шықты. Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасарлары Л.Прокопенко, И.Салжанов бастаған Ассамблея мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен қорлар және этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.