Аймақтар • 11 Қаңтар, 2020
Қазалы ауданындағы мәселелер қандай?
Қызылорда облысының әкімі Арал ауданына қарасты елді мекендерді аралады. Аймақ басшысының жұмыс сапары Қазалы ауданында жалғасты. Қазалы ауданынан шалғай жатқан елді мекендердегі тұрғындар басты мәселелер ретінде: ауыз су, балабақша мен спорттық клуб салу, ауыл ішілік жолдар мен дәрігерлік амбулаторияның құрылысы және ауыз су тарту желілік құбырларын жаңарту туралы жағдайларын айтты.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2020
Алматы облысында медицина мекемелерін оңтайландыру аяқталды
Бұл үрдіс бұған дейін мемлекеттік-қазыналық кәсіпорыны нысанында қызмет көрсетіп келген ауруханаларды шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға айналдыру мен тұрғын саны аз елді мекендердегі емдеу орындарын аудандық деңгейдегі емханаларға қосу жолы арқылы жүзеге асқан.
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2020
Сенаторға оқулықтардың сапасына қатысты мәселелер айтылды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Төлеубек Мұқашев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2020
Атаулы әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңартылған тетіктері күшіне енді
Биылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті көрсетудің жаңа тетіктері енгізілді. Бұл көмек әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тағайындалып келеді. АӘК төлеудің жаңа тетіктері, азаматтардың әл-ауқатын жақсарту шаралары туралы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаменті директорының орынбасары Аяжан Жанғабылова айтып берді.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2020
Алматы облысында 30 үйді тонаған ұры ұсталды
Өткен жаз бойы Талдықорған қаласының тұрғындары үй тонаушылардан әбден зәрезап болған еді. Жеке үйлердің қараусыз қалған сәтін қалт жібермеген ұры терезе мен есікті бұзып кіріп, қолға іліккеннің барлығын үптеп кетіп отырған.