Қазақстан • 14 Қаңтар, 2022
Соңғы екі-үш ғасырлық қазақ тарихы мынадай тұжырымға негіз бола алады: кез келген халықтың өзін өзі сақтап, еркін өніп-өсуі оның қуатты ұлттық мемлекеттілігінің болуына тікелей тәуелді.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2022
Үкіметке жауапкершілік жүктелді
Тәубешіл халқымыз әділет, абырой және мемлекет үшін тәуекелшіл де бола алатынын көрсетті. Сын сағатта жауапкершілік алған Мемлекет басшысына сеніп, ұлт болып ұйысқан халық өзінің адал ниетін лаңкестер, содырлар, оларды жұмсаған арамза да ашқарақ ішкі және сыртқы жаулар пайдаланғанына өзегі өртенгенімен, тәуелсіз Қазақстанды, ел мүддесін бәрінен жоғары қастерлейтінін дәлелдеді.
Пікір • 14 Қаңтар, 2022
Біздің мықтылығымыз – заң мен тәртіпте
Бүгінгі таңда Отанымыз қиын сәттерді басынан өткеріп жатыр. Бірақ біз кез келген қиындыққа қарсы тұрып, бүгінгі таңдағы қысылтаяң шақта оны бірлесе шеше аламыз.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2022
Бас прокуратура Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Алматы қасіретінің» және басқа өңірлердегі террористік шабуылдардың себептері мен егжей-тегжейін анықтап, елдегі қоғамдық қауіпсіздікті толық қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шараны қабылдап жатқанын мәлімдеді.
Өнер • 13 Қаңтар, 2022
Кеңес Одағы кезінде қазақ өнері Солтүстікте қысымшылыққа ұшырап, дамудың орнына жылдан-жылға құлдырай бергендігі туралы талай рет жаздық. Билік тарапынан қолдау, қорғау болмаған соң, алдымен жай мектептердегі, артынан тіпті музыка мектебіндегі домбыра кластары жабылып қалған. Қазақтардың домбыраға шөліркеп, оны естігісі, тыңдағысы келетінін сезсе де бірде-бір басшы жанашырлық қылып, домбыра сыныбын ашайық деген емес. Тек жүрегінде намыс оты бар Ілияс Омаровтай тұлға обкомның екінші хатшысы болған жылдарында алдымен музыкалық училище ашқызуға, оған директор етіп Алматыдан консерватория бітірген Болат Асанов деген азаматты алдыртуға, соның көмегімен домбыра сыныбын ашқызуға қол жеткізген.