Парламент • 09 Қаңтар, 2020
Агроөнеркәсіп кешендерін мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды
Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданындағы Рублевка ауылында орналасқан «Зенченко» мал шаруашылығы кешенінде болды. Кешен 2018 жылдың соңында салынған болатын және сол кезден бастап Германиядан әкелінген мал басы екі есе (596-дан 1063-ке дейін) өсті. Елуге жуық жұмысшы еңбек ететін кешенде күніне 10 тонна сүт өндіріледі. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2020
Ақмола облысы Сандықтау ауданында заманауи зертхана ашылды
Каменка селосындағы №2 агротехникалық колледжінің жыл озған сайын материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. Соның арқасында аграрлық салаға орта буын кадрлар дайындау сапасы жақсарып келеді.
Бокс • 09 Қаңтар, 2020
Кәсіпқой бокс: Головкин шаршы алаңға Шереметамен шығады
Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін польшалық Камил Шереметаға қарсы өткізеді.
Экономика • 09 Қаңтар, 2020
Ақмолада 13 инвестициялық жоба іске қосылады
Биыл облыста бір мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Жағымды жаңалыққа инвестициялық жобалардың іске қосылуы себепші болып отыр. Жобалардың дені экспортқа бағытталған.
Хоккей • 09 Қаңтар, 2020
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Нефтехимикті» ойсырата ұтты
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген «Барыс» кезекті тур ойынын Нижнекамскіде жергілікті «Нефтехимикке» қарсы өткізді.