Бизнес • 12 Қаңтар, 2023
Кәсібінен нәсібін тауып жүрген шаруалар ауылды жерлерде жеткілікті. Меркі ауданындағы Ойтал ауылының азаматы Мақсат Әлімсейітов тірліктің көзін тауып, төрт бірдей отбасыны жұмыспен қамтып отыр. Оның айтуынша, қызметкерлері 270-300 мың теңгенің көлемінде жалақы алады. Ауыл тұрғындары үшін бұдан артық қандай жалақы керек?!
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2023
Қаңтардың қарлы бораны мен қақаған аязы қалаға да, ауылға да оңай тиіп жатқан жоқ. Ауа райының қолайсыздығынан соңғы аптада мектеп оқушылары онлайн режімде оқуға көшті. Ауыл-ауылға кіреберіс жолдарды қар басып, жол қатынасы қиындап кетті. Ол аз болғандай, қырық градустық аязда ірі елді мекендердегі жылу, су құбырлары да сыр бере бастады.
Қаржы • 12 Қаңтар, 2023
Олардың дивиденд төлеуіне рұқсат жоқ Банк – жеке акционерлердің қаржылық қолдауымен жұмыс істейтін қаржылық ұйым. Директорлар кеңесі жыл сайын жиналып, түскен табысты акционерлерге бөлістіреді, яғни дивиденд төлейді. Егер банк мемлекеттен қаржылай көмек алып, содан кейін түскен табысты акционерлерге бөліп беретін болса, бұл, әрине, ақылға сыйымсыз. Мемлекет бұл нәрсеге енді ғана көңіл аударды. Соған орай арнайы қаулы жобасын жария етті.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Қазір Президент Әкімшілігіне өтініш жолдайтын азаматтардың саны айтарлықтай көбейді. Өйткені «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын басшылыққа алатын ел азаматтары Мемлекет басшысы айтқан жаңа әрі әділетті Қазақстанды құруға қал-қадірінше үлес қосқысы келеді.
Білім • 12 Қаңтар, 2023
Ақылы мектептің артықшылығы мен кемшілігі неде? «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» деген-ді Ы.Алтынсарин. Қазір осы дөп айтылған сөзбен қатар «Оқымайтын оқушы жоқ, қызықтыра алмайтын ата-ана, мұғалімдер» деген пайым да айтылып жүр. Аңғарғанымыз, бұл пікірмен басқа-басқа, ақылы мектептің мұғалімдері санасады. Ондағы оқушылардың білімі таяз болса, ата-ана баласын ақылы мектепке сүйреп, шығындалып қайтеді? «Ақылы мектептің артықшылығы мен кемшілігі неде?» деген сауалдың шеті осыдан шығады.