Руханият • 12 Қаңтар, 2023
Ел ағасы Әкімжан Назарұлы туралы
Шүкір! Менің елорда төріне табан тірегеніме ширек ғасырдан асыпты. Ол тұста өлкенің өткен-кеткен тарихынан хабардар қариялар көп еді. Соның бірі – ұзақ жыл облыстық білім саласында қызмет атқарған Қамидолда Нұртаев ақсақал-тұғын. Бұл кісі қазір өмірде жоқ. Бес жыл бұрын тура тоқсан жасында бақилық болды. Марқұм көзі тірісінде біз бейбақты іздеп келіп, өзі куә болған бірер оқиғаны санамалап жаздырып еді. Әсіресе Ақмола өңіріне танымал тарихи тұлға Әкімжан Назарұлы туралы жандыра сөйлегені есімде. Біз тамсана тыңдаған едік. Содан бері бірталай уақыт өтіпті. Биыл осы тұлғаның туғанына – 120 жыл. Сонымен...
Ауыл • 12 Қаңтар, 2023
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласына бөлінген 40,3 млрд теңге көлеміндегі қомақты қаржының басым бөлігі мал шаруашылығын кешенді дамытуға жұмсалмақ. Биыл өңірде 8 сүт фермасын салу жоспарланған. Алғашқы 7 ферманың әрқайсысы 1 200 бас сауын сиыр ұстап, жылына 15,2 мың тонна сүт өндіретін болады. Ал 3 мың бас ірі қараға шақталған ең ірі ферма жылына 42,6 мың тонна сүт өндіреді.
Экономика • 12 Қаңтар, 2023
Өңірлік әуежайлар субсидияланады
2022 жылдың 29 желтоқсанында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына қол қойды. Соған сәйкес азаматтық авиацияға қатысты «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңға, Жер кодексіне, Еңбек кодексіне және басқа да заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілмек.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Қазақстан 2000 жылы суицид деген сұмдықтан дүниежүзінде 6-орынға шығып, отандастарымыздың арасындағы өзін-өзі өлтіру көрсеткіші 100 мың адамға 39,4 жағдайдан келген. Содан кейін еліміздегі осы қасіретті құбылыс біртіндеп кеми бастады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2021 жылы жариялаған рейтинг бойынша Қазақстандағы суицид 100 мың адамға шаққанда 18,05 жағдайға дейін азайып, 184 мемлекеттің ішінде 18-ші орынға жайғасыппыз.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2023
Малсақ қауымға неге қоң бітпейді?
Ақық дән аялап, ақтылы мал өсірудің қиындығы шашетектен. Дегенмен, шағын шаруашылықты да ширатып шалқыту қажет. Ең бастысы, азық-түлік қауіпсіздігі сақталуы керек.