Экономика • 12 Қаңтар, 2022
Төтенше жағдай кезіндегі банк секторы
Елде болып жатқан төтенше ахуал кезінде банк секторының жағдайы тұрақты. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі осылай деп хабарлады. 2021 жылдың соңында банк секторының активтері 36,7 трлн теңгені құраған. Агенттік мәліметінше, халық пен корпоративтік клиенттер үшін қызмет көрсетуге банк саласы толыққанды әзір. Меншік капиталы мен өтімділіктің айтарлықтай қоры осыған мүмкіндік береді.
Экономика • 12 Қаңтар, 2022
Елдегі қымбатшылықтың ырыққа көнбей тұрғаны рас. 2021 жылы елдегі инфляция деңгейі қазан айында 8,9 пайызға дейін шарықтады. 5 қаңтар күні елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайына байланысты жиналыс өткізген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атқарушы биліктің инфляцияны тежеу міндетін атқара алмағанын айтты. Ал 11 қаңтар күнгі Мәжіліс отырысында Мемлекет басшысы Қазақстан үшін жаңа кезең басталатынын қадап айтып, баға мәселесіне тағы да тоқталды.
Білім • 12 Қаңтар, 2022
Президент Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мұғалім тапшы өңірлердің мәселесін шешудің жаңа тәсілін ұсынды. Осы ұсыныс қазақстандық педагогикалық қауымдастықтың көңілінен шықты.
Экономика • 12 Қаңтар, 2022
Тұтынушылық несиенің көбейгені алаңдатады
Мемлекет басшысының Қазақстан даму банкіне қатысты тапсырмасы өте өзекті. Дегенмен ҚДБ-ның әзірге нақты механизмі мен трансформациясы туралы белгісіз. Даму банкіне иелік ететін «Бәйтерек» холдингі де әлі түсініктеме бере қойған жоқ. Егер Даму банкі дербес қаржы операторы ретінде қаржы ала алмайтын болса, онда лоббилік әрекет те тыйылады деп ойлаймын. Жасыратыны жоқ, банктің жобалары белгілі тұлғалар атынан, солардың ықпал етуімен іске асырылып отырды.
Пікір • 12 Қаңтар, 2022
Тәуелсіздігімізге, тұтастығымызға қатер төнгенде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сарабдал, парасатты ақыл, қайрат-жігерінің арқасында ата-бабамыздың аңсаған азаттық туын уысымыздан шығармай ұстап қалдық.