Саясат • 10 Қаңтар, 2023
2018 жылдың наурыз айында Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл» кеден бекетіне қарасты бақылау-өткізу пункттерінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің көптеп орын алуын анықтады. Іле-шала бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеденнің абыройына кір келтіретін ақпараттар жиілеп кетті. Содан кейінгі сценарийлер өздігінен белгілі. Кеден бекетінің басшысынан бастап, біраз кадрлық ауыс-түйістер басталды. Дәл сол кезде ойламаған жерден маған: «Сіз Қытаймен шекарадағы ахуалды жақсы білесіз. Жуырда «Алтынкөл» кеден бекетіне басшылық орынға конкурс жарияланғалы жатыр. Сол конкурсқа қатысып көрсеңіз қалай болады?» деген ұсыныс түсті. Ол кезде «Астана-әуежай» кеден бекетінің басшысы қызметінде болатынмын. Басшылық сенім артып тұрған соң, амал жоқ, келістім.
Руханият • 10 Қаңтар, 2023
«Қазақ қызын» жазғанда көз алдымда Ләззат тұрды
1986-ның Желтоқсаны азаттыққа ұмтылған жастарды Алматыдағы алаңға жинап еді. Бейбіт шеруге шыққандарды мұздай құрсанған кеңес әскері озбырлықпен таптап өтсе де ұлт азаматтары «қызыл құрсаудың» көбесін сөгіп, іргесін шайқалтты. Жарты әлемге билігін жүргізген империяға қарсылық кезінде қаракөз қыздарымыз да қайсарлық танытты. Ақын Исраил Сапарбайдың «Желтоқсан айынан кейінгі ой» атты өлеңі мұзға алау жаққан сол аруларымызға арналған. Сәл кейін ол «Қазақ қызы» атты әнге айналды. Қазақ қыздарының ерлігіне қойылған мәңгілік ән-ескерткіштің әуенін жазған – белгілі композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рамазан Тайманов. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан өнер иесімен танымал туынды тарихы туралы әңгімелескен едік.
Тарих • 10 Қаңтар, 2023
Таяуда облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылындағы білім ошақтарының бірінде тарих және археология кабинеті ашылып, жас толқынға тылсым тарихтың көне сырлар көмбесі әбдіресін айқара ашты.
Экономика • 10 Қаңтар, 2023
Қор салымшыларына 2022 жыл сәтті болды ма?
Былтыр жылдың соңында еліміздегі зейнетақы жинақтары 14,4 трлн теңгеден асты. 2022 жылдың басынан бері зейнетақы жинақтарының өсімі 1,3 трлн теңгеден (немесе 10,2%) артық көрсеткішке ие болған. Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жеке зейнетақы шоттарындағы (ЖЗШ) жинақтар да шамамен тура осындай өсім – 9,9% немесе 1,2 трлн теңгені көрсетті. Бұл шоттарда 13,9 трлн теңгеден астам қаражат жинақталған.
Оқиға • 10 Қаңтар, 2023
Қазақтың 18 жастағы дарынды шахматшысы Бибісара Асаубаева Қытайдың Сиан қаласында аяқталған The Belt and Road 2023 to World Chess Woman’s Summit турнирінде күміс медаль иеленді.