Негізі Асаубаева аталған жарыста бірде-бір рет жеңілістің кермек дәмін татқан жоқ. Ол Әзербайжанның өкілі Гюнай Мамедзадемен бірге 8,5 ұпайдан олжалады. Алайда қандасымыз қосымша көрсеткіштер бойынша қарсыласын алға жіберіп алды.
«Демалыс күндері Қытайдағы турнирге қатысып қайттық. Қарсыластарымның ешқайсысына есе жіберген жоқпын. Егер бір ұпай артық алғанымда жағдай басқаша болар еді. Өкінішке қарай, бұл турнирде тай-брейк ойналмайды. Соның салдарынан екінші орында қалып қойдым. Келесі жолы ондай қателіктерге жол бермеуге тиіспін», дейді Бибісара. Ал қола медаль израильдік шахматшы Марсель Эфроимскиге бұйырды.