Қоғам • 10 Қаңтар, 2023
Астықты аймақтардағы ахуал алаңдатарлықтай Былтыр 20 қарашада болған Президент сайлауында жеңіске жетіп, жетіжылдық мерзімге сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Жарлығын ауылды өркендетуге арнап, Үкіметке 2023 жылғы 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын қабылдауды тапсырғаны мәлім. Осы орайда құзыретті мемлекеттік органдар басқа салалармен салыстырғанда ауыл шаруашылығында жалақы мөлшері төмен екендігіне назар аударып, оның себебін анықтап, тиісті шара қолданса, құба-құп.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2023
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда мемлекеттік қолдау шараларын проактивті тағайындау үшін жұмыс режімінде Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) іске қосылды.
Өнер • 10 Қаңтар, 2023
Осыдан 33 жыл бұрын «Медеу» мұз айдынында тұсауын кескен «Азия дауысы» халықаралық фестивалі аз уақытта талай дарынды танытқаны баршамызға аян. Осынау музыкалық думан аясында өткен қызықты да тосын оқиғалар жадымыздан шыға қойған жоқ. Әлемнің әр шалғайындағы даңқы жер жарған өнерпаздарды Алматы төрінде тоғыстырып, әлі танылмаған жас әншілердің томағасын сыпырған да осы «Азия дауысы» болатын. Өкінішке қарай, аталмыш фестиваль кейінгі жылдары түрлі себептерге байланысты тоқтап қалған еді. Енді, міне, араға 18 жыл салып «Азия дауысы» үлкен сахнаға оралды.
Теннис • 10 Қаңтар, 2023
4-5 ақпан күндері теннистен 2023 жылғы Дэвис кубогінің іріктеу кезеңдері басталады. Әдеттегідей бұл сында Қазақстанның ерлер құрамасы да өнер көрсетеді. Александр Бублик бастаған біздің жігіттер бейресми әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін Оңтүстік Америка құрлығының өкілі Чили теннисшілерімен шеберлік байқасады. Аталған матч Тынық мұхитының жағалауында орын тепкен Чилидің тарихи әрі курортты қаласы Ла-Серена корттарында өтеді.
Оқиға • 10 Қаңтар, 2023
Спортшыларға пәтер кілтін тапсырды
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңірдің ғана емес, ел намысын абыроймен қорғап жүрген бірқатар спортшыға пәтер кілтін табыстады. Негізінен жаңа пәтерге қоныстанған спортшылар ХХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарының жүлдегерлері екенін айта кеткен жөн.