Аймақтар • 09 Қаңтар, 2023
Шығыста неше күннен бері ат құлағы көрінбес боран соқты. 28 желтоқсаннан бастап күре жолдардағы қозғалыстарға шектеу қойылды. Барлық бағытқа кешкі сағат 18:30-дан соң шығуға тыйым салынды. Қарлы боран үдеп, қозғалыс қиындап кеткен соң облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, тығырықтан шығу жолдары талқыланды. Қолға алынған шаралардың бәрі жолаушылар қауіпсіздігі үшін еді.
Парламент • 09 Қаңтар, 2023
Күн тәртібі нақтыланды: сұйытылған газ заң жобасы бірінші оқылымда
Ерлан Қошановтың төрағалығымен Мәжілісте күн тәртібі нақтыланды. Сұйытылған газға қатысты заң жобасы бірінші оқылымда қаралатын болды.
Пікір • 09 Қаңтар, 2023
Қаңтар оқиғасы бүкіл қазақстандықтың есінде. Әсіресе қаралы күндері жан түршігерлік оқиғаларға куә болған менің де жадымда сақталып қалды. Өткен жыл қайғылы жағдайдан басталды. Қаңтар қасіреті баршамыздың жүрегімізге өшпес сызат түсіріп кетті. Халқымыз бен мемлекетіміздің басына ауыр сынақ келді. Мемлекетіміздің тұтастығына, егемендігімізге зор қауіп төнді. Осы күндерде жұртымыз тәуелсіздіктің қадір-қасиетін сезінді.
Экономика • 09 Қаңтар, 2023
Отандық шаруалар алғаш рет көктемгі егіске дайындық қаражатын ерте алып отыр. 2023 жылдың егін егу жұмыстарын жүргізуге Аграрлық несие корпорациясы 23 млрд теңге бөлді. Енді шаруашылықтар көктемге ерте қамданатын болады.
Оқиға • 09 Қаңтар, 2023
Жалпы тарихта түрлі атаумен қалған азалы күндер көп. Қаңтар оқиғасы сондай қасіретті атаумен, қанмен жазылып, кәрі тарихтың бір парағына айналды. Тәуелсіздік бәске тігілген қаралы күндерде қыршын кеткен талай жастың обалы опасыздарға. Қаңтар қырғыны кезінде Ұлттық ұланның офицерлері мен сарбаздары анттарына адалдық танытып, қызметтерін мінсіз атқара білді. 400-ден аса ұландық әскери қызметші түрлі деңгейдегі жарақат алса, өкінішке қарай, екі жас сарбаз қаза болды.