Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021
Өткен жылдың бірінші жартыжылдығында өңірде 148 сиыр, 216 жылқы, 497 қой және 4 түйе ұрланған. Соның ішінде ауылдық жерлерде алыс жайылымдардағы қараусыз жүрген сиыр, жылқылардың көбірек ұрлануына көбінесе мал бағуға жауапты малшылардың өз жұмыстарына салғырт қарауы себепші. Соңғы жылдары мал ұрлығы да ұйымдасқан сипат ала бастады.
Саясат • 12 Қаңтар, 2021
Жасөспірімдерге құқықтық тәрбие беру маңызды
Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс – кез келген халықты алаңдататын мәселе. Оның себебі бүгінгі жасөспірімдер елдің, ұлттың ертеңгі болашағы екендігінде. Міне, осы салада ұзақ жыл қызмет еткен Шымкент қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Дәулеткелді Әбдірамановтың еткен еңбегі көпке үлгі. Өмірін ел тыныштығына арнаған азаматтың айтуынша, 2020 жылдың 10 айында департамент тарапынан кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бірқатар іс-шара қабылданған.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2021
Колонияда да түрлі кәсіпті меңгереді
Түрме – жазасын өтеу арқылы қайта тәрбиелеу орны. Жазасын өтеушілер абақтыда түрлі кәсіп меңгеріп, бұрын өз бойынан байқамаған шеберлік сынды қабілеттерін ұштап, жетілдіріп шығуы мүмкін. Сотталғандар жазасын өтеу барысында жер баптап, ағаш пен бау-бақша өсірсе, енді біреулері көздің жауын алатын күнделікті қолданысқа қажетті, сондай-ақ сәндік ағаш бұйымдарын жасап қуантады. Жуырда Маңғыстаудағы колонияда бұрын болмаған кәсіп түрі тұсауын кесіп, енді жазасын өтеушілер өз қолдарымен бәтеңке тігуді бастады.
Оқиға • 12 Қаңтар, 2021
Күршімдегі жабық жүзу бассейні аудан тұрғындарын қуанышқа бөледі
Бірер күн бұрын бізбен Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов хабарласты. – Аудан тұрғындары үлкен қуанышқа бөленіп жатыр. Жақында ғана, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында аудан орталығы Күршім ауылында жабық жүзу бассейнінің құрылысы аяқталып, барлық санитарлық талапты сақтай отырып ашылу салтанатын өткіздік, – деді аудан әкімі Дулат Зайсанбекұлы.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2021
Жаңа жолдар сапасы сын көтермейді
Екі жылдан бері елімізде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны жұмыс істеп келеді.