Түрме – жазасын өтеу арқылы қайта тәрбиелеу орны. Жазасын өтеушілер абақтыда түрлі кәсіп меңгеріп, бұрын өз бойынан байқамаған шеберлік сынды қабілеттерін ұштап, жетілдіріп шығуы мүмкін. Сотталғандар жазасын өтеу барысында жер баптап, ағаш пен бау-бақша өсірсе, енді біреулері көздің жауын алатын күнделікті қолданысқа қажетті, сондай-ақ сәндік ағаш бұйымдарын жасап қуантады. Жуырда Маңғыстаудағы колонияда бұрын болмаған кәсіп түрі тұсауын кесіп, енді жазасын өтеушілер өз қолдарымен бәтеңке тігуді бастады.

Ақтаудағы ГМ-172/6 мекемесінде қолдан жасалған аяқкиім шығаратын цех ашылды. Бүгінгі таңда цехтың өндірістік қуаты айына 40 жұп аяқкиім шығаруға мүмкіндік береді. «Еңбек-Батыс» РМК кәсіпорнының аяқкиім цехына әзірге тек үш сотталушы жұмысқа орналастырылды, қазіргі таңда кәсіпорын өндірісті кеңейту туралы мәселені ойластыруда.
Цех басшысының айтуынша, олар жаңа өндірісті енді ғана игере бастаған. Барлық өнім былғарыдан және қолмен жасалады. Бір жұп қысқы аяқкиімнің бағасы шамамен 10 600 теңгені құрайды.
– Сотталғандардың өздері мұнда жұмыс істегенді ұнатады, өйткені бұл жаңа өндіріс, бұрын бұл мекемеде аяқкиім жасалмаған. Әрбір жеке данамен жұмыс жасай отырып, олар қазір модельдерді жақсарту үшін өз идеяларын ұсынады, кейде тіпті тәжірибе жасайды. Дамудың алғашқы кезеңдерінде біз өз өнімдерімізбен Маңғыстау облысының қылмыстық-атқару жүйесін барынша қамтамасыз ету міндетін қойдық. Жақын арада біз өндірістің өсуін және еркін нарыққа шығуды бақылай аламыз деп үміттенеміз, – деп жоспарларымен бөлісті РМК-нің өндіріс жөніндегі басшысы Ғани Юсупов.
Әрі жазасын өтеп, әрі қоғамға пайдалы іспен айналысуына мүмкіндік беру, сондай-ақ олардың бойындағы қабілетін оятып, шеберліктерін шыңдау – сотталғандарды ізгі ниетке тәрбиелеудегі, жақсылыққа ұмтылдырудағы зор еңбектердің бірі.
Маңғыстау облысы
Теңсіздікті жоюдың тиімді тәсілі
Саясат • Бүгін, 07:50
Руханият • Бүгін, 07:47
Қазақстан коронавирусқа қарсы Қытай вакцинасын сатып ала ма
Қазақстан • Кеше
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстан • Кеше
Қарағандылық тележурналист Қасымның кинодағы рөлін сомдады
Аймақтар • Кеше
Әріптестік әлеуеті жеміс беруде
Аймақтар • Кеше
Мамыраев атындағы әскери-техникалық мектеп үздік атанды
Аймақтар • Кеше
Қостанайда E-Commerce орталығы ашылды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
3 мың еріктіге QazCovid-in вакцинасы егілді
Қоғам • Кеше
Қазақстандықтарды вакцинациялау мерзімі белгілі болды
Қазақстан • Кеше
«Menin Armanym» жүректерге жылу сыйлайды
Руханият • Кеше
Аудан әкімі қоғамдық кеңес алдында есеп берді
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар