Таным • 12 Қаңтар, 2021
Қаратөбеде қайта жаңғырған тарих
Өткен ғасыр басында қазақты ел болдырудың қамына кіріскен алашшыл азаматтар қолдарынан келген істің бәрін атқарды. Айталық, 1917 жылдың аяғында Орынборда өткен жалпықазақ сиезінен кейін Алашорда үкіметі негізгі іс-қимыл атқару орталығы ретінде Семейді таңдаса, күнбатыс алашордашылар 1918 жылдың ақпан айында Жымпиты уезіне қарасты Қаратөбе кентінде кезекті жиын ашып, батыс өңірде атқарылуы тиіс істерді талқылады. Бұл жиын тарихқа «Қаратөбе сиезі» деген атпен қатталды.
Әдебиет • 12 Қаңтар, 2021
Футболшы Әуезов, велошабандоз Толстой...
Жер-дүниені ақ қар, көк мұзға орап келетін қыстың да өзіндік қызықтары көп. Сырғанақтан бастап, қарым-қабілетіңізге қарай коньки, шаңғымен шебер үйлесім тауып жатсаңыз, ол да өнерліліктен. Өйткені екінің бірі шаңғымен таудан төмен ызғытып құлдилай алмайды және бұл қыстық өнер түрі мамандық таңдамайды екен. Жазудың классикалық үлгісін көрсеткен қаламгерлер де спорттан кенде емес. Әлқисса.
Аймақтар • 12 Қаңтар, 2021
«Кісі өлтіруге тапсырыс» қалай ашылды?
Әрине, шытырман оқиғаға толы істің ақ-қарасын айқындау, істі тиянақты тергеп, сотқа жөнелту үшін тергеушіге көп қасиет қажет. Дегенмен осы саланы таңдаған адамға ең қажеттісі – төзім. Ішкі істер министрлігінің Алматы академиясын тәмамдап, облыстық Полиция департаментінде қызметке кіріскен Нариман Әбіләкімнің басты ұстанымы – осы.
Саясат • 12 Қаңтар, 2021
Елімізде өткен сайлауды бақылаған Шанхай ынтымақтастық ұйымының өкілдері мәлімдеме жасап, тұтастай саяси шараны оң бағалады. Халықаралық ұйымның байқаушылар тобын ШЫҰ Бас хатшысының орынбасары Чжан Хайчжоу бастап келді.
Спорт • 12 Қаңтар, 2021
Токиодан қоржынымыз толып қайтса...
Кібісе жылы сияқты әр төрт жылда бір келетін Олимпия ойындары 2020 жылдың басты спорттық жарысы болуы керек еді. Алайда адамзат үшін қауіп-қатерге толы болған тышқан жылы Токио Олимпиадасына кері әсерін тигізіп, өз уақытынан бір жыл кеш өтуіне мәжбүр етті. 2019 жылдың желтоқсанында Қытайда тараған коронавирус инфекциясы сонау Екінші дүниежүзілік соғыстан бері тоқтаусыз өтіп келе жатқан жазғы Олимпия ойындарына да тұсау салды.