Әдебиет • 12 Қаңтар, 2021
Бүгінгі оқырман классикалық шығармаларды немесе мотивациялық һәм психологиялық кітаптарды таңдаса, ол оның талғамына байланысты. Яғни талғам дегеніміз – көзқарас. Адамның эстетикалық ой биігі. Бұл талғам дегеннің өзі кейде екіұшты ойға қалдырады. Мәселенки, қазіргі қоғам, егер оқыса, адамның табысты әрі бай өмір сүруіне, бизнесті ілгерілетуге және отбасындағы түрлі қиындықтарды еңсеруге үйрететін кітаптарды оқиды: классиканы емес.
Қоғам • 12 Қаңтар, 2021
Еліміздің ең ірі қаржы орталығы саналатын Алматыда Qoldaý кәсіпкерлік орталығы 2020 жылы 90 мыңға жуық кеңес беріпті. 12,2 млрд теңге бөлініпті. Қысқасы, кәсіпкерлердің қолдаусыз қалмағанын айтады қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин.
Таным • 12 Қаңтар, 2021
«Шар үстіндегі қыз» – әлемге әйгілі кескіндемеші Пикассоның ең танымал картиналарының бірі. Суретші өзінің осынау шедеврін 1905 жылы жазғанын білеміз. Ерекше айта кететін жайт, «Шар үстіндегі қыз» Пабло шығармашылығындағы жаңа кезеңді белгілейді. Оны зерттеушілер суретші зертханасындағы «қызғылт кезеңнің» өнімі деп атапты. Шынымен де атақты кескіндемешінің бізге белгілі басқа еңбектерінен мұндай ашық және анық контексті бірден аңғару қиын.
Руханият • 12 Қаңтар, 2021
Білесіз бе, жан иесі мәңгілікпен салыстырғанда өзінің азғантай ғұмырында бір мәрте жүрегі кеудесіне сыймай ашуланатын секілді. Себебі қуаныштар мен өкпе-реніштердің алма-кезек айқасында біреуінің ғана бәсі биік болып шығатыны рас қой. Ал егер сіздің сол алабұртқан күйіңіз уақыт объективіне ілініп қалса ше? Болашақ қатулы қабағыңызға қарап, сізге ғана емес, сол дәуірге де мінездеме берер еді. Біздің бұл ойымызға өзек болған атақты саясаткер Уинстон Черчилльдің мына бір сүгіреті.
Бокс • 12 Қаңтар, 2021
Ертуғанның еңбегі еш кеткен жоқ
Былтыр жыл соңында Шымкентте өткен Қазақстан чемпионатында ерекше көзге түскен боксшылардың бірі – Ертуған Зейнуллинов. 63 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен 23 жастағы жалынды жас барлық қарсыласынан басым түсіп, бас жүлдені олжалады. Осы жарыстың куәсі болған білікті бапкерлерден бастап, көгілдір экранға көз тіккен көрермендердің барлығы да аталған былғары қолғап шеберінің өнерін жоғары бағалады.