Бүгінгі оқырман классикалық шығармаларды немесе мотивациялық һәм психологиялық кітаптарды таңдаса, ол оның талғамына байланысты. Яғни талғам дегеніміз – көзқарас. Адамның эстетикалық ой биігі. Бұл талғам дегеннің өзі кейде екіұшты ойға қалдырады. Мәселенки, қазіргі қоғам, егер оқыса, адамның табысты әрі бай өмір сүруіне, бизнесті ілгерілетуге және отбасындағы түрлі қиындықтарды еңсеруге үйрететін кітаптарды оқиды: классиканы емес.

Осы құбылысқа қарап, пайымдасақ, біріншіден, дүниежүзінде де, елімізде де мотивациялық һәм басқа да «үйретуші» кітаптарға сұраныс өте жоғары. Өйткені олардың жарнамасы жақсы және адамдар үшін де негізгі құндылықтардың емі сол жанрдағы кітаптар болып отыр. Психологтердің сөзінше, бұл қазіргі қоғамдағы адамдардың рухани әлсіз екенін білдіреді. Яғни қай салада болмасын, әрқашан біреудің айтқан амалын тыңдауға, істеуге дайын тұрады. Тіпті, өмірдегі қиындықтармен де өз бетімен күресе алмайды: рухани иммунитеті төмен. Әрине бұл – біржақты пікір. Алайда жұрт жапа-тармағай оқып жатқан ол кітаптар, қалай десек те, тұрмыстық деңгейден аса алмайды. Ал эстетикалық талғамды қалыптастыратын көркем шығармалар емес пе?.. Демек, айналамызда талғамы қатып, семген адамдар баршылық деген сөз.
Әлемдік нарықта көркем әдебиет пен «тұрмыстық» кітаптардың жарнамасы да, сатылуы да, оқылуы да бір деңгейде. Классикалық дүниелердің артта қалып, шетелдік «үйретуші» кітаптардың алға озғаны бізде ғана. Соңғы уақытта қазақ авторлары да бизнесті дамытуға, ақша табуға баулитын кітаптар жазып жүргенін айта кетейік. Тіпті ел алдында жүрген танымал жұлдыздардың өзі өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, бір кітап жазуды әдетке айналдырыпты және олар жақсы сатылады. Әлгі «талғамы қатып, семген» оқырмандар осы типтес кітаптарға құмар-ақ. Әлқисса. Кез келген дамыған елдерде барлық жанрдағы кітаптар жазылады һәм оқылады.
Қазақ қоғамындағы негізгі кілтипан – көркем дүниелердің деңгей-дәрежесінің төмендеп, оқырман назарынан тыс қалуы болып отыр. Маркетинг пен менеджментті әдебиетке араластырмай көркем шығарма оқылмайтынына бүгінде әбден көзіміз жетті. Өйткені әдебиет бұрынғы соқпақпен келе жатқан жоқ. Оның бүгінгі жолы бұрынғысына әрі ұқсайтын, әрі ұқсамайтын өзгеше жол. Бұрын тек кітап оқуға баулыса, қазір қай кітапты оқу керек дейтін мәселе маңызды. Ақпараттық-білім қоғамы оқырманға сан салалы, қажетті-қажетсіз дүниелерді ұсынып, еріксіз таңдау жасауға мәжбүр етеді. Әрине осы тұста талғамның рөлі зор. Кейбір шығармалардың деңгейі эстетикалық талап-тілектерге сай келмесе де, бағы асып, жаппай оқылып жатқанын көресіз. Неге? Өйткені жоғарыда аталған қос өнердің – маркетинг пен менеджменттің игілігін көргендіктен. Батыс елдерінде мұның бәрін әдеби агенттіктер атқарады. Елімізде оның механизмі таныс болғанымен, әлі қалыптаса қойған жоқ.
Бүгінгі нарықта қандай тауар болса да медиа мен жарнаманың құдірет-күшіне бағынатынын ескерсек, халыққа классиканы қолдан, жоспарлы түрде оқыту керек пе дейсің... Алайда бұл амал-шарғылардың бәрінен бұрын оқырманның талғамы, эстетикалық ар-ұяты биік тұрмай ма?..
Талғам мәселесі хақында сөз қозғағанда оқырман көзқарасынан әлдеқайда терең жазушы талғамын айтпай кетуге болмас. Лев Толстой күнделігінде: «Осыдан бір жыл бұрын ғана жазылған романым маған жиіркенішті. Тіпті ақымақтың ісі секілді. Кімге керек ол? Не үшін жаздым?» деп толғанады. Уақыт өткен сайын өз шығармалары өзіне түкке тұрғысыз болып көрінуі, тіпті әлем классиктерінің өзінде де басым. Мәселен, Флобер, Бальзак, Джордж Санд осы қатарда. Бұл, әрине, ең алдымен автордың ішкі түйсігінің, таразысы мен талғамының биіктігінен болар. Одан кейін араға уақыт салып, қоғамдағы кез келген құбылыс, өзгеріс қашанда сол ортаның мүшелеріне, әсіресе жазармандарға ықпал ететінінен де бар. «Қоғамға түскен әрбір сызат жазушы жүрегі арқылы өтеді», дейді Вольтер. Жазушы қабілеті тек өзіне ғана тән эстетикалық нәзік иірімдер арқылы қоғам дертін сезіне алмақ. Яғни әр қаламгердің талғам-таразысы жазған шығармасының көркемдік деңгейімен тығыз байланысты болса керек. Белгілі бір кезең әдебиетінің сипаты да, ең алдымен, осы автор талғамының дәрежесімен айқындалмақ. Бүгінгі есепсіз шығып жатқан кітаптардың мазмұны сол талғам-таразының көрінісі сияқты. Тек осы көп «көркем» шығармалардың әсерінен классика мен «тұрмыстық» кітаптардың аражігін һәм өлшемін білмей қалмасақ болғаны.
Қазақстанда 2020 жылы ұрлық саны 2 есе азайды
Қоғам • Кеше
Қазақстанның әлемдік экономикалық рейтингтегі орны қандай?
Экономика • Кеше
Танымал шаңғышы жол апатынан қайтыс болды
Спорт • Кеше
Спорт • Кеше
Жалғас Жұмағұлов жеңіліп қалды
Спорт • Кеше
Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
Аймақтар • Кеше
Құнсыздық құлдың түбіне жетеді
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Кеше
Карантин кезінде ойын ұйымдастырған казино анықталды
Аймақтар • Кеше
Дарынды 100 оқушының бірі Талдықорғанда тұрады
Білім • Кеше
Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
Аймақтар • Кеше
Жуырда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
Руханият • Кеше
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмысы жалғасып жатыр
Елорда • Кеше
Өткен тәулікте 1 584 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 839 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Кеше
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады
Елорда • 23 Қаңтар, 2021
Елордада мониторингтік топ карантин режимін бұзудың жаңа фактілерін анықтады
Елорда • 23 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға пәтер кілттері берілді
Елорда • 23 Қаңтар, 2021
Бақытжан Сағынтаев депутаттармен бірге мегаполистің инфрақұрылымдық даму жоспарын талқылады
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • 23 Қаңтар, 2021
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • 23 Қаңтар, 2021
Биыл елордада 400-ден астам отбасы апатты үйлерден жаңа пәтерге көшті
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтініштер қабылдау үшін онлайн-платформа іске қосылды
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесті
Білім • 23 Қаңтар, 2021
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • 23 Қаңтар, 2021
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • 23 Қаңтар, 2021
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • 23 Қаңтар, 2021
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • 23 Қаңтар, 2021
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар