Саясат • 11 Қаңтар, 2021
Exit poll: Nur Otan жеңіске жетті
Бүгін түнгі сағат 00.00-де жарияланған Exit poll нәтижесі бойынша Қазақстандағы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында Nur Otan партиясы жеңіске жетті. Саяси ұйым сайлаушылардың 71,97 пайызына ие болған.
Әлем • 11 Қаңтар, 2021
Қырғыз Республикасы: Көпшілік Садыр Жапаровты таңдады
Кеше, яғни 10 қаңтарда кешкі сағат 20:00-де Қырғызстанда кезектен тыс Президенттік сайлау мен бүкілхалықтық референдумның нәтижесі жарияланды. Қырғыз Республикасының Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) мәліметі бойынша сайлау учаскелерінде дауыс беру үшін 3 563 574 азамат тіркелген. Сайлаушылар екі бюллетень арқылы өз қалауларын білдірді. Біреуінде 17 кандидаттың ішінен елдің болашақ Президентін таңдау, екіншісінде сайлаудан кейінгі уақыттағы басқарудың президенттік не парламенттік жүйесін таңдау мәселелері қойылған.
Сайлау • 11 Қаңтар, 2021
Жаңа кезеңге бастайтын жаңа қадам
Елдің мүддесі мен мұраты ескеріліп, алдағы жылдардағы бағыты мен бағдары айқындалған маңызды қадам жасалды. Қазақстан халқы кеше Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлауға дауыс берді. Алдын ала қорытынды бойынша сайлаушылардың 63,3 пайызы азаматтық ұстанымын білдіріп, демократиялық мемлекеттің дамуына үлесін қосты.
Оқиға • 11 Қаңтар, 2021
Тәртіп бұзу деректері кездесті
Қазақстан Азаматтық альянсының президенті, Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының жетекшісі Бану Нұрғазиева мен Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау барысы туралы айтып берді.
Сайлау • 11 Қаңтар, 2021
Маңғыстау ауданында тұратын, бірі 104 және 100 жастағы тыл ардагерлері саяси науқаннан тыс қалмай, өз таңдауларын жасады.