Экономика • 08 Қаңтар, 2021
Агросектордың әлеуеті артқан жыл
«Арпа-бидай ас екен, алтын-күміс тас екен» деген қанатты сөздің қадірін әлем жұртшылығы былтырдан бастап айқын ұғынғандай болды. Індет ушыққан сайын азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі басты проблемалардың біріне айналды деуге болады. Соңғы бірнеше жылдың бедерінде аграрлық секторды экономиканың драйверіне айналдыруға тырысып жатқан Қазақстан Үкіметі де пандемияға қарамастан, саланы дамытуға бұрнағы жылдармен салыстырғанда көбірек күш салды.
Экономика • 08 Қаңтар, 2021
Кәсіпкерлерді қолдауға басымдық берілді
Өткен жыл отандық кәсіпкерлерге сынақ кезеңі болған-ды. Мемлекет тарапынан оларға барынша қолдау көрсетілді. Ел Президентінің тікелей тапсырмасымен қолға алынған қолдау шаралары өз жемісін берді де.
Экономика • 08 Қаңтар, 2021
Бірыңғай оператор немен айналысады?
2021 жылдан бастап елімізде тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы жұмыс істей бастайды. Аталған оператор Қазақстан ипотекалық компаниясының (ҚИК) базасында құрылмақ. Қазірдің өзінде «Бәйтерек» холдингінің құрамындағы еншілес ұйымдар – «Бәйтерек девелопмент» АҚ мен «Тұрғын үй құрылысын кепілдендіру қоры» АҚ ҚИК құрамына кірген. Сөйтіп биылдан бастап бірыңғай оператор жеке құрылыс жүргізушілерге берілетін несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау міндетін атқаруға кіріспек.
Таным • 08 Қаңтар, 2021
Әбу Насыр әл-Фарабидің нақыл сөздері мен ғибратты ойлары
Қазақтың Ұлы даласының біртуар кемеңгер перзенті Әбу Насыр әл-Фарабиден мол жазба мұра қалған. Соның біразын жаһан ғалымдарды іздеп тауып, зерттеп ғылыми айналымға енгізумен келеді. 2020 жылы Ұлы тұлға есімін алып отырған қазақ ғылым-білімінің қара шаңырағы Әбу Насыр әл-Фараби атындағы университет ғалымдары Отырардың бірегей ұланының «Әбу Насыр әл-Фарабидің ақыл-ой пікірлері мен нақыл сөздері» атты еңбегін араб, қазақ, орыс тілдерінде жариялады.
Қоғам • 08 Қаңтар, 2021
Қоғамдық ұйымдар ауылға бет бұрса игі
Бүгінде әлемнің көптеген елінің саясатында үкіметтік емес ұйымдардың рөлі ерекше сипатқа ие. Өйткені мемлекеттік басқару жүйесіне қоғамдық қауымдастықты араластырмай түйткілді мәселелерді шешу мүмкін емес. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстандағы үшінші сектор әлемдік трендтер бағытында дамып келеді. Яғни еліміздегі үшінші секторды қолдау мемлекет тарапынан да, бірқатар ірі компанияның қайырымдылық мақсаттағы ҮЕҰ арқылы да жүзеге асуда. Бұл бағытта сонымен бірге бизнестің, фандрайзинг жүйесі, әлеуметтік желілер және масс-медианың рөлі маңызды екенін де айта кеткен жөн. Десек те соңғы кездерде осы бағыттағы ұйымдар қоғамның дамуына қаншалықты атсалысуда, жұмыс істеу тәжірибесіне мемлекет көңіл бөліп отыр ма деген сауалдар төңірегінде туындаған мәселелерге жауап іздеу барысында ауыл-аймақтарда үшінші сектор үлесін арттыру қажеттігін аңғарамыз.