Оқиға • 05 Қаңтар, 2021
Киноиндустрия саласында балаларды қызықтыратын жанрдың бірі – мультфильм. Ал өзге тілдегі мультфильмдерді балалардың өзі қазақша дубляж жасаса ше? Атыраудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару арқылы дыбыстауды қолға алды. Мақсат – қазақтілді контентті дамытып, дубляж ісін насихаттау.
Руханият • 05 Қаңтар, 2021
Киелі жерлерді қорғау – кешенді іс
Шығыста Қоңыр әулие атанған шипалы үңгір бар. Абай ауданы, Шыңғыстаудың батыс алқабындағы Шаған өзенінің бойында орналасқан үңгірдің қай ғасырда, қашан, қалай, пайда болғаны туралы нақты дерек жоқ.
Сұхбат • 05 Қаңтар, 2021
Ерлан Дакенов: Жаңалық ізденістен туады
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының халықтық бай музыкалық мұрамыздың жаңа қалыпта, дәстүрде жаңғыру жолындағы еңбегі ересен. Бүгінде үлкен ұжым болып ұйысып отырған көрнекті концерттік ұйым өзіндік концепциясы мен көркемдік ұмтылысын көрсетіп қана қоймай, Қазақстанның мәдени келбетін әлемдік деңгейде насихаттап келеді. Осынау мәдени орталықтың басшысы Ерлан Дакеновпен мереке қарсаңындағы әңгімемізді оқырман назарына ұсынамыз.
Өнер • 05 Қаңтар, 2021
Өнер делдалы (Шығармашылық адамдары елде қалсын десек...)
– Енді бізге жаңаша ойлау керек. Адамдардың көпшілігі пандемия кетіп, бұрынғы күндерге қайта оралатындығына сенеді. Алайда ол өмір бұрынғыдай болмайды – бір нәрсе міндетті түрде өзгереді. Сондықтан біз қазіргі жағдайға бейімделе отырып, дәстүрлі желіге сандық элемент қосамыз, барлық танымал платформаларды байланыстырамыз. Мысалы, әлі де талай адам өз тауарларын әлеуметтік желілерде қалай сатуға болатынын түсінбейді. Сіз мейлі кәсіпкер, мейлі үй шаруасында болсаңыз да, бәрібір табыс табуыңыз керек, – дейді Алматыда бірінші рет жаңа форматта өткен «Әдемі Бизнес Азия» фестивалінің ұйымдастырушылары.
Экология • 05 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы елімізде қордаланып қалған күрделі мәселелерді анықтап көрсетті. Солардың ең бастыларының бірі – республикамыздың кең байтақ жеріндегі табиғаттың тозып, бүлінуі.