Экология • 05 Қаңтар, 2021

Экология ертеңді күтпейді

293 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдай­дағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауы елімізде қорда­ланып қалған күрделі мәселелерді анықтап көрсетті. Солар­дың ең бастыларының бірі – республикамыздың кең байтақ жеріндегі табиғаттың тозып, бүлінуі.

Экология ертеңді күтпейді

Жақында теледидардан Жам­был облысының Талас, Ойық
ауылдарын және Мойынқұмдағы жайлауды қалай құм басқан­ды­ғын көрсетті. Соңғы кездері Жа­йық­тың тартылуы, Жем өзе­ні­нің мүлде жоғала бастауы барша­мыз­ды алаңдатады. Осыған орай Пре­зидент жолдауында мынадай іс-шаралар көрсетіліпті. «Үкі­метке эко­логиялық ахуалды жақ­сарту жөніндегі шараларды нақ­ты жүзеге асыруға кірісуді тап­сы­рамын. Биологиялық әркел­кі­лікті сақтау және тиімді пайда­лану жөніндегі ұзақ мерзімді жос­­­парларды бекіткен жөн.

Бес жыл ішінде орман алқа­бында 2 миллиард, елді мекендерде 15 миллион ағаш отыр­ғызылатын болады. Бұл еліміз­дегі көгалдандыру ауқымын ке­ңей­туге септігін тигізеді».

Ағаштар отырғызып, орман ал­қабын кеңейту өте қажет әрі ұзақ мерзімді жоспарды күт­пей, шұғыл қолға алынуы керек. Мәселен ауыл мен ауыл ара­сындағы жол бойына ағаш егіп, «Жасыл көпір» іс-шарасын қол­ға алу өте маңызды. Астана төңі­регіндегі жасыл алқапты әр ауылдан, аудан орталығынан көргіміз келеді. Біздегі әлі күнге дейін оқыту саласында экологиялық білім мен тәрбие пәрменді түрде жүзеге аспай келеді. Президент мұны да анықтап көрсетіп айт­қан. Мектептер мен жоғары оқу орындарында өскелең ұрпақ­қа экологиялық тәрбие беру ісі­не жеткілікті назар аудару қажет. Қоғамда экологиялық құн­ды­лық­тарды орнықтыруға үндейтін Birge – taza Qazagstan эколо­гиялық акциясын жүйелі түрде өткі­зіп тұрған жөн.

Жақында ғана Ақтөбедегі кө­міліп қалған бұлақтарды ашып, ар­насы тарылған өзенді қалпына кел­тіру жұмыстарын көріп риза бол­дық. Мұндай шаралар Наурыз мерекесін, көктемді күтпей жыл­дың қолайлы мезгілдерінде дәс­түрлі халықтық қозғалысқа ай­налуы қажет.

Туған елдің табиғаты – елдің береке бірлігінің, ынтымағының жарқын көрінісі. Оны тоздырмай ұрпақтан ұрпаққа қалдыру бабалар аманаты. Барша қазақ­стандықтардың бірінші кезектегі асыл парызы.

 

Әнуар ТАРАҚОВ,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің профессоры

 

АЛМАТЫ