Медицина • 28 Қаңтар, 2020
Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандар жоқ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында: «Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды», деп жариялаған еді. Министрлер кабинеті Президенттің мәлімдемесінен кейін арнайы кеңес өткізіп, Үкімет басшысы Асқар Мамин бірқатар кешенді шараларды қабылдауды тапсырған болатын.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2020
Ауылды жаңғыртуға 900 млрд теңге бөлінеді
Елордада 2017 жылдан бері Еуропалық одақтың қаржыландыруымен Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында қолға алынған «Шығыс және Орталық Қазақстанның жергілікті деңгейіндегі мүдделі тараптардың белсене қатысуы» және Маңғыстау облысында «Ауылды бірлесе дамыту» жобалары қорытындыланып, конференция ұйымдастырылды.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2020
25 мың көп балалы отбасы – жаңа жәрдемақы түрін рәсімдеді
Қазақстанда көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақының жаңа түрін жыл басынан бері 25,4 мың отбасы рәсімдеп үлгерді. Оның ішінде 11,8 мыңнан астам отбасы жәрдемақыны алғаш рет рәсімдесе, 13,7 мыңы қайта есептеуге құжат өткізгендер.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2020
Көрші елден келген жұмыс күші неге есепте жоқ?
Биылдан бастап Қазақстанда шетелдік жұмыскерлерді тартуға арналған квота 40 пайызға қысқартылды. Яғни, 2020 жылы елімізде шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсат 29 292 бірлікті құрауы тиіс. Ал былтыр бұл көрсеткіш 48 700 бірлік болған еді. Міне, енді соның 40 пайызы қысқаруда.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2020
Ата-бабаларымыздың байырғы ырым-тыйымын ескерсек, қазақ түнде үйден күл шығармаған, себебі күл төгілген жерді басуға болмайды, түрлі жамандық атаулы күлмен бірге көшеді, күлден шыққан жамандық адамның өзімен бірге үйіне ілесіп барады деп сақтандырған.