Қоғам • 28 Қаңтар, 2020
Кеше Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен Қазақстанға әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу және есепке қою мәселесіне арналған баспасөз конференциясы өтті.
Әлем • 28 Қаңтар, 2020
Бауырлас елмен байланыстың бәсі биік
Таяуда Түркияға сапар аясында бірқатар өндірістік нысанның жұмысымен танысу, бизнес ортаның өкілдерімен кездесу, екі елдің қарым-қатынастарына түрік бауырлардың көзімен қарау мүмкіндігі туған еді. Сонымен қатар Анкарадағы әріптес редакциялармен жолығып, тәжірибелерін зерделеудің де сәті түскен болатын. Соның бірі – «Анадолы» агенттігі.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2020
Соңғы күндері түтеп тұрған ақ боранға байланысты елордада төтенше жағдай жарияланды. Ұйытқи соққан қаңтардың қарлы боранынан қабағы ашылмай қойған кейінгі күндер ел астанасы мен теріскей өңірлердің коммуналдық және құтқару қызметі үшін сын болып тұр.
Абай • 28 Қаңтар, 2020
Алты Алашқа ғана емес, адамзатқа ортақ ойшыл, Абай хакімді өз деңгейінде ұлықтау біздің бұлжымас парызымыз болса керек. Мұны Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында айрықша атап өткенін білеміз. Бағдарламалық мақалада айтылғандай, ақын мұралары ел ішінде ғана емес, шет мемлекеттерде де кеңінен насихатталғаны дұрыс.
Президент • 28 Қаңтар, 2020
Ел әлеуетін арттыруға бағытталған келіссөздер
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктеріне сапары барысында елдегі бизнес өкілдерімен кездесіп, Қазақстанда қалыптасқан тиімді инвестициялық жағдай туралы әңгімелеп берді.