Коронавирус • 28 Қаңтар, 2021
QazCovid-in сенімді компоненттерден тұрады
Отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылды. Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып келеді, сондықтан сенімді компоненттерден тұрады.
Парламент • 28 Қаңтар, 2021
Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшелері еліміздің Мәдениет және спорт министрімен кездесті. Ел Президентінің «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын іске асыру аясында архивтер мен кітапхана қорының жай-күйі, қолжазбаларды, сирек кездесетін кітаптар мен құнды құжаттарды цифрландыру күн тәртібіндегі басты мәселе болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2021
Бала – біздің болашағымыз. Болашағымыз жарқын болуы үшін балдырғандардың бақытты балалық шағын қамтамасыз ету маңызды. Бүгінде баланың алаңсыз білім алуына, дүниетанымын, қарым-қабілетін дамытуға жағдай жасау және қолайлы қоршаған орта қалыптастыру болашаққа салынған тиімді инвестиция ретінде бағаланады. Өкінішке қарай, бұл игіліктен балдырғандардың көбі құр қалып жатады.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2021
Тойшыл, той жасауға бейім тұратын халықпыз. Соның салдары шығар барлық үлкенді-кішілі қалаларымызда мейрамхана мен тойхана қаптап кетті. Бұл коронавирус пандемиясына дейін жеке бизнестің табысты мол түсіретін түрі болып келгені анық. Қай жерде де отбасылық шаралар мен банкеттер өткізу үшін арнайы тұрғызылған нысандар көп болғанына қарамастан, сол орындар бос болмай, тұрғындар бес-алты ай, тіпті бір жыл бұрын сұраныс беріп келгеніне куәміз.
Қоғам • 28 Қаңтар, 2021
Білім саласында заңсыздық белең алып тұр
Жең ұшынан жалғасқан жемқорлықпен қанша күрес жүргізілсе де, оны түбегейлі тоқтату мүмкін болмай отыр. Қазіргі кезде қоғамда қызу талқыға түскен мәселенің бірі де осы. Сыбайластық қай саланы жайласа да, оны жегіқұрттай түбірімен жеп тынатыны анық. Ал «бармақ басты, көз қысты» әрекет болашақ ұрпақты тәрбиелейтін, қалыптастыратын білім саласында орын алып жатса, тіптен сорақы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда мұғалім мәртебесін көтеру керектігін айтып, оларға тиісті жағдай жасауды тапсырған еді. Бірақ мемлекет тарапынан қанша қолдау болса да, Жамбыл өңіріндегі білім саласында заңсыздық белең алып тұр.