Саясат • 26 Қаңтар, 2023
Халықтың сағын сындыра бермейік
Бүгінде БАҚ, әсіресе телеарналар рейтингтің бәсекесіне түсіп, экрандағы және баспасөз бетіндегі позитив пен негативтің ара салмағын бұзып алды. Өкінішке қарай, қазір жаңадан салынған балабақша мен жаңа берілген мектеп туралы ақпараттың қаралымы аз деп есептелінеді.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2023
Өңірлік баспасөздің басты бағыттары
Елорда төрінде өңірлік мерзімді басылымдар форумы жұмысын бастады. Тұңғыш рет ұйымдастырылған маңызды басқосуға Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұйытқы болды. Екі күнге жоспарланған іс-шара шеңберінде өңірдегі газет-журналдардың тағдыры талқыға түсіп, күн тәртібінде тұрған проблемаларды шешу жолдары қарастырылмақ.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2023
Жайылым тапшылығы шешімін таба ма?
Жайылым мен егістік алқаптардың жетіспеушілігіне қатысты туындаған дау жақын арада толық шешімін табады дегенге сену қиын. Өйткені елімізде жер пайдалануға қатысты қордаланған мәселе бір жылда пайда болған жоқ және оның түйінін шешуге де аз уақыт жұмсалмасы анық. Есесіне, егін егу мен мал жаюға жер таппаған ауылдағы жұрттың сұранысы артып келеді. Ал мұның зардабы ауыл шаруашылығын дамытуға тиіп отырғаны анық.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023
Күріш өсіруді үйретуге мүдделі
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иранға барған сапарында егер барлық мүмкіндікті пайдалансақ, екі ел арасындағы сауда-саттық алдағы үш жылдың ішінде 3 млрд долларға дейін өсуі мүмкін екенін айтқан болатын. Оған қоса Қазақстан Иран азаматтары үшін 14 күн мерзімге визасыз режім енгізді. Осынау бастама алғашқы нәтижесін бере бастады.
Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023
Жеке сектордан үй рәсімдемек болған жұрт ақшасынан айырылып, баспанадан қағылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында «баспаналы боламыз» деп үміттенген тараздықтар әкімдіктегілерге алдандық деп дабыл қақты.