Саясат • 26 Қаңтар, 2023

Халықтың сағын сындыра бермейік

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінде БАҚ, әсіресе телеарналар рейтингтің бәсекесіне түсіп, экрандағы және баспасөз бетіндегі позитив пен негативтің ара салмағын бұзып алды. Өкінішке қарай, қазір жаңадан салынған балабақша мен жаңа берілген мектеп туралы ақпараттың қаралымы аз деп есептелінеді.

Халықтың сағын сындыра бермейік

Бұл сөздің жаны да бар. Адамдар жақсылықты көруден қалып барады. Егер осылай кете беретін болсақ, еліміз туралы қалыптасып алған теріс түсінікті одан сайын үңгіп, тереңдете береміз. Рас, елде өте күрделі, елеулі проблемалар бар. Бірақ бәзбіреулер жазып жүргендей, Қазақстан дәл соншалықты сорлы ел емес. Елдің әлеуеті әлсіз емес. Сондықтан халықтың сағын сындыра бермеу керек. Оқырманды түңілте берудің қажеті жоқ. Оның аяғы жақсылыққа апармайды.

Халықтың еңсесін көтеретін, жасалып жатқан жақсы істерді де, үлкен проблемаларды да үмітті үздірмейтін, сенімді күшейтетін мәселелерге де назар аударылса деймін. Және бұл дәл осы айларда өте маңызды. Өйткені сайлау қарсаңында партиялар өздерінің бағдарламаларын ұсынады. Тізімге енген кандидаттар елдімекендерді аралап, насихат жұмыстарын жүргізеді. Олардың барлығында дерлік назар елдегі кемшіліктерге аударылады. Өйткені кім кемшілікті көбірек айтса, кім проблеманы көбірек көтерсе, солардың сөзі өтімді болатынын бәрі біледі.

 

Сауытбек АБДРАХМАНОВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері