Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023
Қарағандыда көпқабатты үйден өрт шықты
Қарағандыдағы көпқабатты үйден өрт шығып, 20 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2023
Жуырда Орталық мемлекеттік архив және «Ғылым ордасы» мамандарының ұйымдастыруымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ыдырыс Көшкіновтің туғанына 125 жыл толуына орай республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Сондай-ақ «Ыдырыс Көшкінов: құжаттары мен материалдар жинағы» таныстырылды. «Қазақстандағы тұлғатанудың өзекті мәселелері және Ыдырыс Көшкінұлы» атты алқалы жиын барысында Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың құттықтау хатын оқыды.
Өнер • 25 Қаңтар, 2023
Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көз жауын алатындай бұйымдар тоқыған халық шеберлерінің ісі мақтауға тұрарлықтай өнер туындысы. Осындай өнерді өзіне серік еткен ақтөбелік қолөнерші Венера Жақсымбаевамен Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Ұлттық қолөнер – тәрбие көзі» тақырыбында кездесу өтті.
Сұхбат • 25 Қаңтар, 2023
Ләззат ҚАЛДЫБЕКОВА: Қазақ киносының жауапты дәуірі туып келеді
Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының актрисасы, Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Ләззат Қалдыбекова жақында жазушы-драматург Дулат Исабеков пен режиссер Алма Кәкішеваның «Жүзжылдық махаббатында» Мағжанның жары Зылиха бейнесін сәтті сомдап шықты. Бұл спектакль академиялық театрда тұңғыш рет сахналанды. Осы орайда біз Л.Қалдыбековамен театрдағы дәстүр сабақтастығы бағытында әңгімелескен едік.
Тарих • 25 Қаңтар, 2023
«Қаңтардағы бурадай азу тісін қайраған»
Жыл сайын қаңтар туып, аяз қысқанда бура жарайды. Бұл табиғи заңдылық. Өйткені бұл кез – інгеннің күйті келіп, шағылысатын уақыт. Бураның жарауы көбінде қазақтың ескі жыл қайыру амалы бойынша қамбар тоғысымен қатар келетіндіктен, кейбір өңірлерде бұл мезгілді бура тоғыс деп те айтады.