Аймақтар • 26 Қаңтар, 2020
Апатты үйлердің тұрғындары баспанасыз қалмайды
Никита Хрущев КСРО-ға билік құрған кезде бұған дейін қалыптасқан Қазақстанның әкімшілік-аумақтық бөліктерін бұзып, ел үшін бірнеше өлкеге бөліп тастағаны белгілі. Сол кезде Ақтөбе республиканың батыс өңірлері бойынша өлкенің орталығы болғанын бүгінде біреу білсе, біреуі біле бермейді. Мұндай мәселеге ие болған соң Ақтөбе қаласында «Хрущевкалардың» көптеп тұрғызылғаны да сол кездің өзінше бір жетістігі деуге болады. Аталған СОКП-ның бас хатшысы сол уақытта кеңес адамдары өте қарапайым тұру керек деген бағытты ұстанып кеңес одағы аумағында тұрғызылған тұрғын үйлердің өте шағын болуы қажеттігін көрсеткен екен. Содан да шығар бұл дәуірде салынған үйлердің пәтерлері құрқұлтайдың үясындай өте тар болып айналып өтуге келмейтіні. Содан бері де алпыс жылдан астам уақыт өтіпті.
Спорт • 26 Қаңтар, 2020
Футбол: «Қайрат» «Легияны» ұтты
Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Алматының «Қайраты» Варшаваның «Легиясымен» жолдастық кездесу өткізді.
Спорт • 26 Қаңтар, 2020
Фристайл: Юлия Галышева Канадада күміс алды
Канаданың Монт-Тремблан қаласында фристайл-могулдан өткен әлем кубогының кезеңдік сайысында Юлия Галышева күміс медальді мойнына ілді.
Үкімет • 26 Қаңтар, 2020
А. Мамин халықты коронавирустан қорғау мәселелері жөнінде кеңес өткізді
Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстан аумағында коронавирустың тарауына жол бермеу және оның алдын алу шаралары жөнінде кеңес өткізді.
Спорт • 26 Қаңтар, 2020
Теннис: Кукушкин мен Бублик ширек финалға шықты
Қазақстандық жұп – Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігінің ширек финалына шықты.