Қаржы • 26 Қаңтар, 2022
Қорғанысқа салынған инвестиция көрсеткіші төмен
Қаңтар бүлігі кезінде армияның маңыздылығы ерекше артты. Көпшілік Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы әскерінің елге кіруіне қарсылық танытқанымен, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ әскерінің елге аз мерзімге және тек бітімгершілік мақсатта келетінін айтып, жедел шешім қабылдаған еді. Мемлекет басшысы ел іші ала тайдай бүлінгенде Қазақстан армиясының дайын болмағанын айтып, бұл ретте Қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қатаң сынға алып, оның орнына Руслан Жақсылықовты тағайындады. Finprom аналитикалық порталы ел армиясының дайын болмауы қаржыландыруға байланысты екені айтылған зерттеуін жариялады.
Экономика • 26 Қаңтар, 2022
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтерді
Бірер айлық үзілістен соң базалық пайыздық мөлшерлеме тағы да көтерілді. Бұл жолы 10,25 пайызға көтеріліп отыр. Мұндай шешім инфляция дәлізін 4-6 пайыз деңгейіне түсіру үшін жасалып отыр. Осылайша, Ұлттық банк қымбатшылықпен күреске базалық ставканы көтеру арқылы біржола кіріскен сыңайлы.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2022
Азаматтарды қолдау мен әл-ауқатын жақсарту – негізгі міндет
Қазақстан қоғамның барлық саласын одан әрі жаңғыртуға және жүйелі түрде қайта құруға бағытталған үлкен өзгеріс алдында тұр. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, бұл өзгерістердің өзегі азаматтарды қолдау мен олардың әл-ауқатын, әлеуметтік ахуалын жақсарту болады.
Аймақтар • 26 Қаңтар, 2022
Сейсенбі күні Алматы қаласының басым бөлігінде электр энергиясына қатысты тұрғындарды алаңдатқан мәселе туындады. Шаһардың бірқатар аумағында бір мезетте жарық сөніп, бағдаршамдар істен шықты.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2022
Карантинді жеңілдету жауапкершілікті азайтпайды
Елдегі эпидемиялық жағдайға қарамастан, инфекциямен күресудің екі жылдық тәжірибесін ескере отырып карантиндік шараларды жеңілдетудің үш тәсілі әзірленді. Бұл білім беру ұйымдарына, карантин мерзіміне және бизнес қызметіне байланысты.