Дәстүр • 24 Қаңтар, 2025
Халқымыздың өмір сүру салтында салбурын (салбұрын) атты аңшылық-жауынгерлік дәстүр бар. Бұл туралы 2014 жылы жарық көрген «Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атаулардың дәстүрлі жүйесі» атты көптомдықтың бесінші томында: «Салбурын – саят адам аяғы жетпейтін алыс қиырға топтанып, ұзақ уақытқа аң аулауға шығу», деген анықтама беріліпті.
Тарих • 24 Қаңтар, 2025
Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңісті жақындатқан стратегиялық маңызды шабуылдың бірі – Висло-Одер операциясы. 1945 жылдың 12 қаңтары мен 3 ақпаны арасында болған қанқұйлы операцияны Бірінші Беларусь және Бірінші Украин майдандарының күштері жүргізді. Аталған шайқаста қазақтың батыр ұлы Ысқақ Ыбыраев ерлік көрсетіп, «Кеңес Одағының батыры» атағын алды.
Әлем • 24 Қаңтар, 2025
Моңғолияның таулы табиғаты мен жергілікті халқының тарихына қызығушылық танытсаңыз, әлеуметтік желіде үнемі алдыңыздан шығатын ерекше бір халық бар. Олар – Тайгада тіршілік ететін түркітектес духа жұрты. «Духа» сөзі «тухамен» қатар тарихта «туга», «тува», «тыва», «тофа», «туба» деп те кездеседі. Сондықтан оларды «моңғол тывалары» немесе «тубалары» деп те атайды. Ал моңғолдар духаларға «цаатандар» деген ат берген. Моңғол ғалымдарының еңбектерінде «цаатан» сөзінің мағынасы «ақ затқа ие болу», яғни «ақ бұғы бағушылар» дегенге саяды.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2025
Астана қаласында «Ұлы дала – 2024» жобасы аясында жеңімпаз деп танылған шетелдік қазақ ақын-жазушылар кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Іс-шараны ұйымдастырған – Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» мен Қазақстан Жазушылар одағы.
Мәдениет • 24 Қаңтар, 2025
Отандық анимация: балаларды қалай қызықтырамыз?
Қазақ мультипликациясының атасы Әмен Қайдаровтың «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» туындысының түсірілгеніне биыл тура 58 жыл толады екен. Бірақ неге екен, әлі күнге дейін ұлттық балалар анимациясы десе, айналып келіп осы фильмге орала береміз. Сонда алғашқы қазақ мультфильмі таспаланғаннан бергі арадағы алпыс жылда ел аузынан түспейтін, талай буынды тәрбиелеген айтулы туындыға татитын қазақ балалар анимациясы түсірілмеген бе?